Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 22 сәуірде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:
- «Абайдың асыл мұрасы»;
- «Абайдың ақын-шәкірттері»;
- «Әнді сүйсең менше сүй»;
- «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы »;
- «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі».
Конкурс нәтижесінде 19 қатысушы жеңімпаз атанды:
- I орын – 4;
- II орын – 7;
- IIIорын – 8.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Облыстық кезеңнің бірінші орын алған жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының атынан конкурстың республикалық кезеңіне қатысады.
Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!