+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінің қорытындысы
22 Сәу, 17:22

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20 сәуірде қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді.

Форумның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Форум 4 номинация бойынша өткізілді:

1. «Жасыл идея» зерттеу жобаларының байқауы номинациясы;

2. «Жасыл сахна» театрландырылған формада бейнелеуге арналған бейнероликтер байқауы номинациясы;

3. «Экоблогер» әлеуметтік бейнеролик номинациясы;

4. «EcoCraft – экологиялық қолөнер»номинациясы.

Форум қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлдегер атанды:

- І орын – 6;

- ІІ орын – 6;

- ІІІ орын – 12.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!