Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ бірлесе отырып 2026 жылғы 19 наурызда «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиадаға облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мекемелерінен жалпы саны 120-дан астам оқушы қатысты.
Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізілді:
1. «Бейнелеушілер»;
2. «Білгірлер бәйгесі»;
3. «Жас қаламгер»;
4. «Сөз шеберлері»;
5. «Әнші-бұлбұлдар».
Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары олимпиаданың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!