+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
18 Нау, 15:31

2026 жылдың 17 наурызында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиада оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне 9-11 сынып оқушылары - аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада эссе жазу және қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қанипа Бітібаеваның ғылыми мұрасын білу бойынша екі айналымда өтті.

Екі айналымның қорытындысы бойынша 39 қатысушы жеңімпаз атанды, 5 оқушы - І дәрежелі, 12 оқушы - ІІ дәрежелі, 22 оқушы - ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! 

Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!