+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада
«ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалін өткізу туралы
27 Ақп, 14:47

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) өткізілетіндігін хабарлайды.

Фестивальдің мақсаты – балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, өнер саласында дарынды балаларды анықтау.

Фестиваль ІІІ кезеңде өтеді:

- I кезең – мектепішілік: 2026 жылдың ақпан-наурызы;

- II кезең – қалалық және аудандық: 2026 жылдың сәуірі;

- III кезең – Гала-концерт: 2026 жылдың 1 маусымы (Өскемен қаласы).

Фестивальге жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің 8-16 жас аралығындағы білім алушылары қатыса алады.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- вокалдық өнер;

- хормен ән айту;

- хореография;

- аспаптық өнер.