+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
19 Қаз, 16:46

I. Жалпы ережелер

1. «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасын (бұдан әрі – Мектеп лигасы) өткізу туралы ереже 2023-2024 оқу жылында мектеп лигасы жарыстарының түрлері бойынша Республикалық регламентке сәйкес әзірленді.

2. Осы Ереже Мектеп лигасының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

3. Мектеп лигасының мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Мектеп лигасының міндеттері:

- білім алушылар арасында бұқаралық спорт түрлерін танымал ету және спортта дарынды балаларды анықтау;

- мектеп оқушылары арасында (баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, шахмат, үстел теннисі) спорт түрлері бойынша тұрақты спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- мамандандырылған спорт мектептерін толықтыру үшін талантты және жас спортшыларды анықтау.   

ІІ. Мектеп лигасын өткізуге басшылық

4. Мектеп лигасын ұйымдастыру және тікелей өткізу туралы жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады. Жарысты тікелей өткізу ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

5. Мектеп лигасының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізуге жауапкершілік аудандық және қалалық әкімдіктерге (білім бөлімдеріне, спорт бөлімдеріне, денсаулық сақтау бөлімдеріне, білім беру ұйымдары басшыларына) жүктеледі.

6. Шығыс Қазақстан облысының д ене шынықтыру және спорт басқармасы жарыстарды өткізу үшін базаларды (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын, медициналық-дене шынықтыру диспансері қызметкерлерінің арасынан жарыс өткізілетін орындарда медицина қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру және т.б.) жүзеге асырады.

7. Әрбір кезеңді өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.

Мектеп лигасының Ұйымдастыру комитеті:

 - жарыстарға қатысуға алдын ала өтінімдер қабылдайды;

- кестеге сәйкес жарыстардың өткізілетін күндерін анықтайды;

- жарыс өтетін күнді кестеде көрсетілген мерзімнен бір ай бұрын өзгертуге құқығы бар;

- командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу рәсімдерін жүзеге асыру бойынша комиссия құрады;

- Мектеп лигасының бас төрешілер алқасының, спорт түрлері бойынша төрешілер алқасының құрамын бекітеді;

- жарысқа қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;

- Мектеп лигасы жарыстарының кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.

Мандаттық комиссияны өткізуге және спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыруғаДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жауапты.

ІІІ. Мектеп лигасын өткізу орны мен мерзімі

8. Мектеп лигасы жарыстарды өткізу кестесіне сәйкес (1-қосымша) төрт кезеңде өткізіледі:

1-кезең: мектепішілік іріктеу – сыныптар арасындағы жарыстар.

Мақсаты - мектеп құрама командасын құру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау (мектеп біріншілігі).

2023 жылы қазан айында өткізіледі (мектепішілік жарыстарды өткізу туралы кесте және оның жеңімпаздары спорт бұрыштарында, стендтерде орналастырылады).

Білім беру ұйымының басшысы іріктеу кезеңінде сынып-командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге жетекшілік етеді.

Облыстық д арынды балаларға арналған мектептердің командалары мектепішілік кезеңнен кейін жарыстың облыстық кезеңіне қатысуға бірден жіберіледі.

2-кезең: аудандық/қалалық – аудан/қала мектептерінің арасындағы жарыстар.

2023 жылы қазан-қараша аралығында өткізіледі.

Мақсаты – аудан және қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау (қалалық және аудандық біріншілік).

Жарыстарға қатысуға өтінім берген командалар айналма жүйе бойынша ойнайды. 1 орын алған командалар жарыстың 3-ші кезеңіне жіберіледі.

1-ші және 2-ші кезеңдердің қорытынды есебі (фото, ойын хаттамалары, командалардың өтінімдері, турнирлік жағдай және басқа да тиісті құжаттар) ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына ұсынылады.

Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары аудандық және қалалық кезеңде мектептер арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге жетекшілік етеді.

Облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің командалары аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жарыстарына қатыспайды.

3 кезең: облыстық – ауда ндық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары, сондай-ақ, облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің командалары арасында жарыстар өткізіледі. 

Мақсаты – облыстық деңгейде жеңімпаздарды анықтау (облыс біріншілігі).

2023 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың сәуірі аралығында Өскемен қаласында өткізіледі.

Білім басқармасы облыстық кезеңде аудандық және қалалық командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуды үйлестіреді (облыстық кезеңге қатысушылар ҰҒПДТО сайтында тіркеледі).

4 кезең республикалық – ақтық кезең – үшінші кезең өткізген хаттама бойынша үшінші кезеңнің жеңімпаздары арасында өткізіледі.

9. Мектеп лигасының спорт түрлері:

  • «Шұбар доп» волейбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар);
  • «Шұбар доп» волейбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (қыздар);
  • «Алтын доп» баскетбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар);
  • «Алтын доп» баскетбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (қыздар);
  • «Былғары доп»футбол- 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында(ұлдар);
  • «Былғары доп»футбол- 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында(қыздар);
  • Тоғызқұмалақ 5-6,7-8,9-11 сынып оқушылары арасында(ұлдар, қыздар);
  • Асық ату и бес асық - 5-6,7-8,9-11 сынып оқушылары арасында(ұлдар, қыздар);
  • Үстел теннисі - 5-6, 7-8 кл, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар);
  • Жеңіл атлетикалық кросс - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар);
  •  «Ақбозат» - шахмат - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар);
  • «Теңбіл доп» футзал - 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар).

Спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу кестесі 1- қосымшада.

Лига бағдарламасында көрсетілген спорт түрлері бойынша жарыстар спорт түрлері бойынша федерациялардың қолданыстағы ережелеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өткізіледі.

Ескертпе * - әрбір қатысушы өзі оқитын сыныптан/мектептен қатысады (қатысушының өз жасы үшін емес екендігі, басқа мектепте оқитыны туралы фактілер анықталған кезде қатысушы дисквалификацияланады және мектеп лигасының қорытындылары бойынша жалпы есепте командаға автоматты түрде соңғы орын беріледі).

Жарысқа қатысушылар ағымдағ ы оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін Ұлттық білім беру деректер базасында Kundelik жүйесінде тіркелген болуы тиіс.

2023 жылдың 10 қыркүйегінен бастап тір келген қатысушылар жарысқа жіберілмейді, егер мұндай фактілер анықталса, қатысушы мен команда дисквалификацияланады және командаға автоматты түрде осы спорт түрінен турнирлік кестедегі соңғы орын, ал Лиганың жалпы есебіне 20+3 ұпай беріледі.

Лиганың әр кезеңінде спортшы лар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері ҚР-ның келесі заңдарына сәйкес спорттық әдептілікті сақтау қажет: 

 -         «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР-ның 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-v, 35-бап 1-тармаққа және 38-бап 13,14,15-тармақтар; 

-       «Педагог мәртебесі» туралы ҚР-ның 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI ҚРЗ. Заңы; 

-         ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланктерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу». 

Мұндай фактілер анықталған жағдайда хаттама толтырылып, қатысушы мен команда дисквалификацияланады және берілген спорт түрі бойынша командаға автоматты түрде соңғы орын беріледі.

IV. Мектеп лигасының қатысушылары мен шарттары

10. Жарысқа мемлекетт ік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады. Бір білім алушының жарыс бағдарламалары бойынша спорттың екі түріне қатысуына жол берілмейді. Балалар-жасөспірімдердің спорттық мектептерінің білім алушылары Мектеп лигасына өздерінің оқып жүрген жалпы білім беретін мектептерінің атынан қатысуға құқылы, осы Ереженің талаптарын орындаумен.

Облыстық дарынды балаларғ а арналған мамандандырылған мектептер (ШҚО ББ облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі, ШҚО ББ облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, ШҚО ББ Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық арнайы лицейі, ШҚО ББ Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған  мектеп-гимназия-интернаты, ШҚО ББ облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі) жарыстарда Шығыс Қазақстан облысының ББ қалалары мен аудандары мектептерінің командаларынан бөлек өнер көрсетеді.

11. Мектеп лигасына қатысуға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық резервтегі маманндандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған сыныптар, спорт интернаттары мен академиялардың командалары жіберілмейді.

12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №549 бұйрығының 26-тармағы негізінде мектеп лигасына қатысатын ойыншылар осы жарысқа қатысу және дайындық кезінде жазатайым оқиғадан сақтандырылуы тиіс.

Міндетті сақтандыруға жауапты - білім беру бөлімдерінің басшылары, дене шынықтыру мұғалімдері. Жолда және жарыс кезінде спортшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына команда өкілдері мен дене шынықтыру мұғалімдері, жаттықтырушылар жауапты болады.

13. Кез келген команда тек бір жас тобында өнер көрсете алады.

14. Жарысқа қатысатын жалпы білім беретін мектеп командасының өзіндік логотипі және бірыңғай спорттық киімі болуы тиіс.

15. Мектеп лигасы жарыстарының кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар келесілерді қамтамасыз етуі керек:

- жарыстарды өткізу тәртібі мен қауіпсіздігі;

- қызмет көрсетуші персоналдың болуы (медицина қызметкерлері, төрешілер, техникалық қызметкерлер);

- жарыстарды өткізу кестесі;

- табло және спорттық құрал-жабдықтар.

16. Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу шарттары 4-қосымшада.

V. Қатысуға өтінімдер

17. Спорт түрлері бойынша мектеп лигасының 1-ші, 2-ші және 3-ші кезеңдеріне қатысуға алдын ала өтінімдер жарыс басталғанға дейін 10 күннен кешіктірілмей беріледі.

Әр кезеңге және спорт түріне өтінім жеке беріледі.

18. Мектеп лигасының (облыстық) 3-ші кезеңіне қатысуға өтінім құжаттары ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына мына мекенжай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz.

19. Мандаттық комиссияға мынадай құжаттар беріледі:

- стандартты үлгідегі өтінім (2-қосымша);

- қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік) (түпнұсқа) немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- спортшының жеке карточкасы (3- қосымша);

- оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы білім беру ұйымының хаты (бұйрығы);

- сақтандыру полисі.

Анықтама телефоны бойынша: 8(72332)702-674.

VІ. Наразылық білдіру

20. Наразылықты бас төрешілер алқасына (БТА) команда өкілі, мұғалім және жаттықтырушы жарыс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде жазбаша түрде береді.

21. Нәтижелермен келіспеген жағдайда команда капитаны хаттамаға қол қоймайды, наразылықты бас төрешілер алқасына (бұдан әрі – БТА) қарауға береді.

22. Төрешілер алқасы наразылықты ол берілгеннен кейін 1 сағат ішінде қарайды және тексеру нәтижелерін өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.

23. Командаларды жасақтау ережелерінің бұзылғаны, өтінімнің немесе ойын карточкаларының дұрыс ресімделмегені расталған жағдайда, аталған команда жарыстан шығарылады, жаттықтырушының, дене шынықтыру мұғалімінің немесе құрама команданың іс-әрекеті туралы бас төреші білім басқармасына хабарлайды.

VII. Марапаттау

24. Үшінші облыстық кезеңде І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

VIII. Қаржыландыру

25. Мектеп лигасының бірінші (мектепішілік) және екінші (аудандық/қалалық) кезеңдерінің шығыстарын аудандық, қалалық ұйымдастыру комитеттері көтереді.

26. Мектеп лигасының облыстық кезеңін қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

27. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жарыстарды өткізу үшін базаларды (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын, медициналық-дене шынықтыру диспансері қызметкерлерінің арасынан жарыс өткізілетін орындарда медицина қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыружәне т.б.) жүзеге асырады.

28. Командаларды іссапарға жіберуге (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік), ойын формасын және доптарды сатып алуға байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым (білім бөлімдері, аудан және қалалардың спорт бөлімдері) төлейді.

ІХ. Спорт түрлері бойынша бағдарлама

29. Жарыстар спорт түрлерінің халықарарлық ережелеріне сәйкес, бас төрешілер алқасы енгізген өзгерту және толықтырулармен өткізіледі.