2023 жылғы 6 қазан күні Өскемен қаласы, «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ базасында 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында «Дене тәрбиесі» пәні бойынша облыстық оқушылар Олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектептің білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың мектептегі тәжірибесін байыту; дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу.
Олимпиадаға «Дене тәрбиесі» пәні бойынша Олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді:
1 кезең - теориялық бөлім;
2 кезең - практикалық бөлім.
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі орынға келесі командалар ие болды:
5-6 сыныптар арасында :
І орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы ;
ІІ орын – «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.
7-8 сынып сыныптар арасында:
І орын – «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, Риддер қаласы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз!


