+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңінің қорытындысы
02 Қаз, 15:09

2023 жылғы 27-28 қыркүйек күндері ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңін өткізді.

Жарыстың мақсаты – қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру.

Жарыста Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының 2007-2008 жылдары туған (ұл, қыз) мектеп оқушыларынан тұратын 9 команда жекелей жүйемен 46-82 кг салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түсті.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жарыстың барлық қатысушыларына сәттілік пен жеңістер тілейміз!