+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
8-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінің ЕРЕЖЕСІ
02 Қаз, 14:30

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Байқау) өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) болып табылады.

1.3. Байқаудың негізгі мақсаты балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;

1.4. Байқаудың негізгі міндеттері:

- облыстық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;

- балалардың жылдам оқу, логикалық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және сананың ашықтығын қалыптастыру;

- туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштікке баулу.

2. Байқауды ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру мен жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Байқаудың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Байқауға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Байқаудың қорытындысын талдайды және жалпылайды.

                                               3. Байқау қатысушылары

3.1. Байқауға ШҚО облысы жалпы білім беретін мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады. Әр ауданнан, қаладан  – 3 қатысушы.

3.2. Конкурстың жұмыс тілі қазақ  тілі болып табылады.

4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Байқау 2023 жылдың 12 қазаны күні офлайн түрінде Өскемен қаласында өтеді.

4.2. Байқау тестілеу және эссе жазу түрінде өткізіледі.

Тапсырманы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұсынады.

Тестілеу - әр сынып оқушысы оқыған екі кітабы бойынша жалпы 60 сұрақтан тұратын, 30 сұрақ -  қазақ әдебиеті шығармасы, 30 сұрақ - шетел әдебиеті шығармасынан орындайды. Уақыты: 60 минут.

Эссе - оқушы оқыған 2 кітабы бойынша төрт тақырыптың бірін таңдап жазады. Уақыты: 60 минут.

8 сынып «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» тарихи туындысының I кітабы және Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы);

9 сынып «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» романы) ;

10 «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар (І. Есенберлин «Көшпенділер 2». «Жанталас» романы және Фенимор Купердің «Могиканың соңғы тұяғы» романы).

Оқушылардың жас ерекшелігімен оқу бағдарламасын ескере отырып, «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі ұсынылады (Қосымша 1).

5. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Байқау қорытындысы бойынша жеке нәтиже шығарылады. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздардың саны қатысушылардың жалпы санының 45%құрайды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

6. Қаржыландыру

6.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО жүзеге асырады.

6.2. Іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.