Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жаратылыстану - математика бағыты бойынша пәндерден Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) ағымдағы жылдың 3 қазанында сағат 10:00-де өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған білім беру ұйымдарының 11 сынып түлектері қатысады.
Олимпиада қатысушылары барлық кезеңдерде математика, физика, химия, биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.
Осыған орай, аудандық/қалалық білім бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер 2023 жылдың 25 қыркүйегіне дейін облыстық кезеңге қатысу үшін төрт пән бойынша (бір уақытта) болатын қатысушыларды сапалы іріктеуден өткізу қажет. Үлгіге сай (қатысушылардың жеке құжаттарының көшірмесімен) өтінімді (оқу тіліне қарамастан, квота саны 6 оқушы) ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығына, e-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz бойынша жолдау қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Оқушының АЖТ(құжат бойынша) |
Аудан/ қала |
Мектебі, мекен-жайы |
Оқу тілі |
Қатысушылардың байланысдеректері, ЖСН эл.поштасы |
Әлеуметтік статусы |
Қатысушыны дайындаған мұғалімнің толық аты-жөні пәндер бойынша жеке-жеке (математика, физика,химия биология пәндерінің мұғалімдері) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: қатысушының жеке куәлігінің көшірмесінің болуы міндетті.
Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 700-244 телефонына хабарласуға болады.