+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетінің қорытындысы
15 Мамыр, 12:11

2023 жылдың 12 мамырында Өскемен қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өтті.

Негізгі мақсаты - балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтарының туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.

Слетке ШҚО жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің 12-17 жас аралығындағы 82 жеңімпазы қатысты.

Слет қатысушылары келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті:

- Өлкетану блогы - «жас өлкетанушы» халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрып және өнер; туризм-спорт, денсаулық, демалыс бағыттары бойынша іздеу-зерттеу жұмысының жобаларын таныстыру.

- Туристік блок - жартасқа шығу және туристік кедергілер жолағы (аспалы өткел; параллель таяныштар, маятник).

- Шығармашылық блок - туристік әндер байқауы.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 31 қатысушы жеңімпаз атанды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Номинациялар бойынша облыстық слеттің жеңімпаздары 2023 жылдың қыркүйек айында өтетін республикалық слетке қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!