+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілген облыстық интернет-байқауының қорытындысы
01 Ақп, 12:51

Оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші отанын сүюге баулу мақсатында 2023 жылдың 24-25 қаңтары аралығында тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануының 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан облыстық интернет-байқауы өтті.

Байқауға іріктеу кезеңдерінен өткен облыстың жалпы білім беретін мектептері және мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқитын 76 оқушысы қатысты.

Байқау келесі номинациалар бойынша өткізілді:  

- «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» номинациясы - қысқа метражды фильмдер байқауы;

- «Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасының әлеуетті объектілері» номинациясы туғанөлкенің көрікті жерлерін анықтау, оларды картада белгілеу және олардың ғылыми немесе туристік перспективаларын анықтау;

- «Қазақстанның ұлттық мерекелері» номинациясы - өз қолымен жасалған бұйымдардың шығармашылық конкурсы.

Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс нәтижелері бойынша 62 жобадан 30 жоба (40 оқушы) жүлделі орындарға ие болды:

- І дәрежелі диплом – 6 жоба (8 оқушы),

- ІІ дәрежелі диплом – 7 жоба (9 оқушы),

- ІІІ дәрежелі диплом – 17 жоба (23 оқушы).

Қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!