Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 14 қазанында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Негізгі мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
Конкурсқа мектепішілік және аудандық/қалалық кезеңдерде іріктеуден өткен, туған өлкенің тарихын зерделеуге, рухани және мәдени құндылықтарын сақтауға қызығушылық танытқан 9-10 сыныптардың 120 - дан астам оқушысы қатысты.
Байқау қашықтық форматта және онлайн режимінде 2 кезеңде өткізілді:
1 кезең -Қазақстан тарихы бойынша тестілеу.
2 кезең 4 номинация бойынша:
1) «Менің кіші Отанымның тарихы» бейнерепортаж;
2) «Кіші Отанымның символы» бейне презентациялау;
3) «Менің кіші Отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын (макеттер) қорғады;
4) «Менің туған өлкем» тақырыбында өз елді мекені туралы эссе жазды.
Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасының мүшелері – облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша 63 оқушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломдармен – 15 оқушы, ІІ дәрежелі – 17 оқушы, ІІІ дәрежелі - 31 оқушы марапатталды.
Ең жоғары ұпай жинаған 4 жеңімпаз республикалық кезеңге қатысады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!