2022 жылдың 20-21 сәуірінде «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы қашықтық форматта өтті.
Форумның мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға форумның іріктеу (мектеп және аудандық/қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері– облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 6-11 сыныптарының 114 оқушысы қатысты.
Форум номинациялары:
- «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» - 3D атласын жасау.
- «Zhasyl El» – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша:
- қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары;
- инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы.
- «Экотеатр» – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы;
- «Eko-Bolashak» – жүргізілген экологиялық жұмыстар бойынша видеороликтер презентациясы;
- «GREEN OASES» – ландшафтық экожобалар байқауы;
- «Туған өлкенің бояулары» – электрондық экологиялық ашық хат.
Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс нәтижелері бойынша 57 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломды – 10, ІІ дәрежелі дипломды – 18, ІІІ дәрежелі дипломды – 29 оқушы жеңіп алды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Үздік жобалар 2022 жылдың маусым айында өтетін Форумның республикалық кезеңінде ұсынылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!