+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Дзюдодан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
28 Сәу, 12:31

2022 жылғы 22-24 сәуір аралығында Өскемен қаласында Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының базасында дзюдодан Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.

Мақсаты – дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа 2005 жылы туған және одан кіші, медициналық тексеруден өткен оқушылар қатысты.

Жарыс IJF халықаралық ережелері бойынша ұлдар мен қыздар арасында өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар:

Ұлдар:

I орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

II орын – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының» командасы;

III орын – «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» командасы.

Қыздар:

I орын – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының» командасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тілейміз!