Инновациялық-педагогикалық идеялар Фестивалінің
облыстық кезеңін өткізу Ережелері
1. Жалпы ережелер
Фестиваль екі жылда бір рет өткізіледі.
Фестивальдің мақсаты – талантты педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау; педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату.
Фестивальдің негізгі міндеттері:
- педагогикалық қызметкерлердің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру;
- инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялардың деректер базасын кеңейту;
- кәсіби педагогикалық тәжірибені толықтыру;
- педагогтардың кәсіби қарым-қатынасының жаңа үлгісін және байланыстарын құру.
2. Фестивальға қатысушылар
Фестивальға жоғары кәсіби деңгейдегі, жұмысының нәтижесін мақұлдап, таратуда табыстары бар, тұрақты түрде жоғарғы жетістіктерге (кемінде 3 жыл көлемінде) жеткен мектепке дейінгі және жалпы орта білім, қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері мен ұжымдары, білім бөлімдерінің әдіскерлері қатыса алады.
Қатысушылардың педагогикалық стажына және жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
3. Фестивальдің кезеңдері
Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрады:
І кезең – өңірлік;
ІІ кезең – республикалық.
4. Материалдарды ұсыну формасы және ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар
Фестивальға ұсынылған әзірлемелер мына бағыттар бойынша жіктеледі:
- Қоғамдық-гуманитарлық цикл (тіл және әдебиет, тарих);
- Өнертану циклы (музыка, өнер, сызу);
- Математикалық цикл (математика, информатика және ИКТ);
- Жаратылыстану-ғылыми цикл (физика, химия, биология, география, астрономия, экология);
- Жас педагог – жасы 30-ға дейінгі, 5 жылға дейін стажы бар мұғалімдер үшін;
- Психологиялық қызмет көрсетудің тиімді технологиялары – педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар үшін;
- Тәрбие технологиялары – сынып жетекшілері, тәрбиешілер, ұйымдастырушы-педагогтар үшін.
Фестивальға қатысушы төмендегідей мәліметтері бар сауалнаманы міндетті түрде толтыруы тиіс:
1) жұмыстың тақырыбы;
2) білім беру бағыты;
3) автор немесе авторлық ұжым туралы ақпарат (толық аты-жөні, пәні, сыныбы);
4) білім беру ұйымының аты;
5) мемлекеттік және орыс тілдерінде толық аннотация (жұмыстың тақырыбы, пәні, мақсаты, міндеті, жұмысқа сипаттама, нәтижесі);
6) Фестиваль материалдарының жинағына енгізу және сайтқа орналастыру үшін әзірлеме тезистері;
7) байланыс ақпараты (облысы, қаласы, жұмыс орны, қызметі);
8) мекен-жайы, электрондық поштасы.
Фестивальға қатысушы әзірлемені міндетті түрде жұмысты қолдану бойынша (кімдерге және қайда қолдануға болады) әдістемелік-пікірімен ұсынады.
Қатысушылар әзірлемелерінде міндетті түрде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (немесе келешекте қолдану болжамымен) қолдануы тиіс. Жіберілген материалдарда осы мәселе көрініс табуы тиіс.
Жұмыстың мәтіні тек идеясын ғана емес, сонымен бірге автордың жеке жұмыс тәжірибесі мен нәтижесінің сипатталуын қамтуы тиіс. Мүмкіндігіне қарай әзірлемені іске асыру үшін қажетті жағдай жасауды (мысалы, сыныпта компьютер, проектор-мультимедианың болуы, дайындыққа қажет уақыт) көрсету.
Әдістемелік сипаттаманың көлемі 10 беттен аспауы тиіс. Нақтылығы мен қысқалығы қосымша бағаланады.
Ұсынылған материалдардың мазмұнына электрондық нұсқадағы атқарылған жұмыс жөніндегі есеп, қосымшасында білім беру процессіне, тұсау кесерге (презентацияға) берілген сабақтардан үзінділерді енгізуге болады.
Тұсау кесер міндетті түрде сабақтың жоспары көрсетілген слайдтармен немесе әдістемелік түсінік арқылы әзірленеді.
Жұмысқа қосымшада:
- автордың берілген тақырыбы бойынша білім беруге сәйкес шығарылған оқу материалдары;
- оқу процесін ұйымдастырудағы иллюстрациялық материалдар;
- оқушылардың жұмыстары (нәтижесі).
Электрондық пошта арқылы жіберілетін файлдар жалпыға түсінікті ( А-4 форматты бет, 14 шрифт, Microsoft Office құжаттары) болуы тиіс.Фестивальға жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Жұмыстар қосымша құжаттармен ресімделуі мүмкін: компетентті білім беру ұйымының өкілінен мөрленген, қол қойылған анықтама (пікір), фотоматериалдар, жұмысты жүргізу реттілігінің сипаттамасы. Эксперттік комиссияның бағалау барысында қосымша құжаттар ескеріледі.
Фестивальға қатысушылар әзірлемелерді 2010 жылдың 29 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне қағаз бетінде және электронды түрде.
5. Фестиваль жеңімпаздарын іріктеу критерийлері
Фестиваль жеңімпаздарын іріктеудің негізгі критерийлері мыналар:
Кәсіби қызмет жүйесін жинақталған түрде ұсыну шеберлігі.
Тұжырымдамасы (автордың көзқарасы, негізгі идеясын көрсету).
Жаңалығы (осы жоба бойынша).
Жобаның, идеяның, принциптердің ғылымилығы, негізделгені.
Технологиялығы, тәжірибе элементерін басқа мұғалімдер арқылы жүргізу мүмкіндігі.
Ақпаратарды қолданудағы авторлық құқықтың сақталуы.
Педагогтың әдістемелік шеберлігі, инновациялық және дәстүрлі кәсіби қызметті байланыстырудың тиімділігі.
Ұсынылған жұмыстардың білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларына қойылатын талаптарға сәйкестілігі.
Жұмыстардың білім беру жүйесін дамытудың өзекті үдерісіне сәйкестілігі.
Оқу нәтижелерін болжау, уақытты тиімді және дұрыс пайдалану шеберлігі.
Баяндау жүйелігі мен ойға қонымдылығы.
6. Фестивальдің қазылар алқасы
Қазылар алқасы әзірлемелерді бағалау өлшемдерін әзірлейді.
Қазылар алқасы фестивальдың жеңімпаздарын анықтап, марапаттайды.
7. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау
Фестивальға қатысушыларға сертификаттар тапсырылады, жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жеңімпаздардың жұмыстары республикалық кезеңнің іріктеу айналымына қатысуға жіберіледі.
8. Қаржыландыру
Фестивальді қаржыландыру шығын сметасына сәйкес жүргізіледі.
Фестивальға қатысушылардың іссапар шығындары (жол ақысы, тамақтану, жатын орын шығыстары) іссапарға жіберуші жақтың есебінен жүзеге асырылады.