+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Смарт Сарбаз – 2022» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионатының қорытындысы
11 Нау, 18:36

«Кадрлар даярлау мен әскери-патриоттық тәрбие беру аясында болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарды, робототехниканы, жасанды интеллект бойынша мамандарды өсіру қажет. Бұл Smart ұрпағы»

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

 

2022 жылдың 10 наурызында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде «Смарт Сарбаз-2022» компьютерлік таланттар чемпионаты өтті.

Интернет - чемпионаттың мақсаты – «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубы курсанттарының ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту болып табылады.

Іс-шараға 2000-ға жуық «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубының курсанттары қатысты.

Чемпионат жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, робототехника бойынша бағдарламалардың мазмұнын қамтып, қатысушылардың 4 жас топтарына арналған тапсырмалардың жеке нұсқалары бойынша өткізілді:

1 жас санаты - 5 сынып;

2 жас санаты – 6-7 сыныптар;

3 жас санаты – 8-9 сыныптар;

4 жас санаты – 10-11 сыныптар.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 816 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – 89 қатысушы; 2 орын – 332 қатысушы; 3 орын   - 395 қатысушы.

Чемпионатта Өскемен, Семей және Алтай қалалары, Аягөз, Бесқарағай, Абай және Жарма аудандарының оқушылары ең жоғары нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!