1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу қағидалары, оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін айқындайды.
2. Мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
3. Міндеттері:
жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;
әр түрлі музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыру, қоғамдық тану үшін мүмкіндіктерін кеңейту;
музыка өнері саласында балалар шығармашылығын дамытуды ынталандыру;
балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
классикалық, халықтық және заманауи музыкаға деген қызығушылықты дамыту.
4. Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
5. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын фестиваль-байқауының ұйымдастырушылары қалыптастырады.
2. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі
6. Фестиваль-байқау 2022 жылғы 04 наурызда өткізіледі. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға қатысуға өтінімді (№1 қосымшаға сәйкес), сондай-ақ байқау жұмыстарын texno_otdel@mail.ru электронды поштасына 2022 жылғы 01 наурызға дейін жіберу қажет.
7. Өтінімге қоса:
1) Фестиваль-байқаудың аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздарына қатысуға өтінім, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А., туған жылы, сыныбы, оқу орны, тұрғылықты мекенжайы және білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны);
2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі.
8. Фестиваль-байқауға балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра тенор, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) бөлімдерінің білім алушы – солистері мен ұжымдары қатысады.
9. Фестиваль-байқауға әр ауданнан/қаладан тізімдегі берілген санға (№2 қосымша) сәйкес қатысушылар қатысады.
3. Фестиваль-байқаудың шарттары мен тәртібі
10. Облыстық конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. Жеке орындаушы.
2. Музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі.
Әр номинацияға қатысу міндетті.
11. Солистер төмендегі жас санаттары бойынша өнер көрсетеді:
1) кіші жас тобы – 7-10 жас;
2) орташа жас тобы – 11-13 жас;
3) ересек жас тобы – 14-17 жас.
Қатысушылардың жасы ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша анықталады.
Кіші жас тобына байқауға қатысушыларға қойылатын бағдарламалық талаптар музыка мектебінің ІІІ сыныптан, орта жас тобының ІV сыныптан, жоғары жас тобының V сыныптан білім алушылар үшін бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.
12. Музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі. Фестиваль-байқаудың музыкалық ұжымының құрамына жоғары сынып оқушылары қатысады.
Бұл ретте ұжымғақатысатын тұлғаларға, жоғары жас тобы солисті ретінде қатысуға рұқсат етіледі. Әрбір аудан/қаладан қатысушылардың жалпы саны тапсырыста белгіленген нормалардан аспауы тиіс.
Музыкалық ұжымның құрамында дирижер немесе орындаушы (концертмейстер) ретінде 1 педагогтің қатысуына жол беріледі.
Бейне сапалы, бір роликпен тоқтаусыз жазылуы керек. Кіші және орта топ үшін бір сілтеме, ересек топ үшін екі турға екі сілтеме болуы тиіс, бұл ретте бір қатысушының жұмысын бөлуге және «қиюға» жол берілмейді. Орындаушының беті мен қолы айқын көрінетін дайын бейнетаспаны қолдануға рұқсат етіледі.
13. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
Бағалау критерийлері:
стильдер үйлесімінің нұсқалығы, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі;
интонация тазалығы және музыкалық жүйе;
музыканы сезінуі, әртістілігі, шығармаларды орындау сенімділігі;
орындау техникасы және деңгейі;
орындаудың жоғары сапалылығы.
4. Фестиваль-байқаудыңқатысушыларын марапаттау
14. Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Фестиваль-байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, сертификаттардың электронды нұсқалары 2022 жылғы 18 наурызда http://shygysdaryn.kz сайтында жүктеп алу мүмкіндігімен орналастырылады.
5. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
16. Фестиваль-байқау шығыстары бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.