І. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы спорттық туризмнан облыстық жарысының (бұдан әрі - Жарыс)мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысушылар мен жеңімпаздарын анықтайды.
2. Чемпионат қашықтық форматта өткізіледі.
3. Жарыстың мақсаты - балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету.
4. Жарыстың міндеттері:
- Спорттық туризмді саласын дамыту және танымал ету;
- Спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру;
- Оқушылардың туристік қабілеттерін арыттыру, қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыру;
- Республикалық спорттық іс-шараларға қатысу үшін мықты командалар мен спортшыларды анықтау;
- Балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға баулу;
- Өскелең ұрпақтың азаматтық сезімін, туристік мәдениетін қалыптастыру.
5. Жарысты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» өткізеді (бұдан әрі –ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»).
ІІ. Жарысты ұйымдастыру комитеті
6. Жарысты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
- Жарысты дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасайды;
- Жарысқа қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- Жарысты өткізу барысында қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу формасын анықтайды;
- Жарыс қорытындысын талдайды және қорытындылайды;
- Жарысты дайындау, өткізу барысын және нәтижелерін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз етеді.
ІІІ. Жарысты өткізу мерзімі мен орны
7. Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы балалардың қосымша біліммен қамтуын арттыру үшін Жарыс үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық / қалалық;
Үшінші кезең (қорытынды) – Облыстық Жарыс (20-24 желтоқсан 2021 жыл, қашықтықтан).
8. Жарыстың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.
9. Іріктеудің қалалық/аудандық кезеңдерінің нәтижелерін қалалық/аудандық білім бөлімдері басшыларның және білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылған Жарысқа қатысуға өтінім формасын (Қосымша №1) ұйымдастыру комитетіне 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жолдау қажет, тел. 8 (7232) 75-15-53, е-mail: turismvko@mail.ru.
Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
- қатысушылардың конкурстық жұмыстары, бейнематериалдарға сілтемелер;
- топ қатысушылары мен басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың сканерленген көшірмелері.
10. Чемпионат бағдарламасы:
I. Визитка блогы
- «Өмірлік стиль – спорттық туризм» қабырға газеті конкурсы номинациясы
II. Шығармашылық блок
- «Ел ырғағын сезін» туристтік би фестивалі номинациясы
III. Ақпараттық-аналитикалық блок
- «Шығыс Қазақстанда жақын маңдағы ең жақсы белсенді (спорттық) демалыс орыны» жарнамалық видеороликтер конкурсы номинациясы.
IV. Спорттық блок
-«Кедергі жолағы» спорттық туризм техникасы номинациясы.
V. Практикалық блок
«Спорттық туризм әлемі» тақырыбындағы спорттық туризмнен жарысты ұйымдастыру және өткізуноминациясы.
11. Жарысқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Жарысты ұйымдастырушылар жарыс материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.
12. Жарыстың қорытындысы 2021 жылдың 27 желтоқсан күні ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.
ІV. Жарысқа қатысушылар
13. Жарысқа мектепішілік және аудандық/қалалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (1,2,3 орындар) арасында жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.
14. Команданың сандық құрамы 11 адамға дейін: 6-дан 10-ға дейін қатысушы және 1 команда өкілі.
15. Бір қатысушы екі және одан да көп команда құрамына қатыса алмайды.
Жарыс кезінде (номинация бойынша) команданың құрамын өзгертуге рұқсат берілмейді.
16. Спорттық біліктілік және қатысушылардың жасы:
- Юниорлар сыныбы – 16 – 18 жас;
- Жастар сыныбы - 14 -15 жас;
- Жасөспірімдер сыныбы – 12 – 13 жас.
V. Жарысты өткізу тәртібі
17. Карантин кезінде Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан жүргізіледі.
18. Жарыс келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізіледі.
I. Визитка блогы
- «Өмірлік стиль – спорттық туризм» қабырға газеті конкурсы – ұжымдық қатысу.
Конкрусқа әр топтан бір қабырға газеті ұсынылады.
Қабылданатын қабырға газетіне қойылатын талаптар:
- Қабырға газетіне материал ретінде репортаждар, сұхбаттар, есептер, фотоматериалдар, көркем бейнелер, өлеңдер, әзілкештер, жолдау күйінде, әр-түрлі сұхбат нәтижелері түрінде және тағы басқа формалары болуы мүмкін.
- Конкурстық жұмыстар компьютерде жасалып және басып шығару кезінде А1 форматына сәйкес болу қажет.
Бағалау критерийлері:
- Қабырға газетінің идеясы. Шығармашылық ізденіс;
- Мазмұн сапасы. Материалдың ақпараттық толыққандылығы;
- Креативтік ізденіс. Жұмыстың түпнұсқалылығы;
- Жұмытсың дизайны (эстетикалық орындалуы, жазбалардың дұрыстығы, түстер мен графикалық әсемделуіне мән беру қажет). Суреттер мен фотолар және т.б.
- Тақырыптың толық ашылуы, тақырыптың номинацияға сәйкестігі.
Конкурсқа қабырға газетінің электрондық нұсқасы ұсынылуы қажет.
II. Шығармашылық блок
- «Ел ырғағын сезін» туристтік би фестивалі номинациясы.
Қабылданатын қабырға газетіне қойылатын талаптар:
- Фестиваль номері белгілі бір елге, қалаға немесе нақты бір орынға туристтерді қызықтыру мақсатында жаслған болуы қажет.
- Фестивальға бидің әр түрлі бағыты мен стильдерін пайдалануға болады (балет, бал билері, тарихи, ұлттық би түрлері, салттық билер, заманауи би түрлері).
- Жұмысқа мәтін күйінде терілген ақпаратты ұсыну қажет. Ақпаратта номердің (бидің) атауы, орындаушылары, мектептің аты, сыныбы, қаласы/ауданы, аулдың/қаланың аты, қатысушылардың аты жөні көрсетіліп және де бидің идеясы түсіндірілуі қажет.
- Бейнероли 15 минуттан аспауы қажет.
- Бейнеролик номердің аты, қатысушылардың аты-жөнін таныстыру, топтың аты, мектептің толық аты және ауыл, аудан, қаланың атын таныстырылуымен басталу қажет.
- Бейнероликтің дыбысталуы мен түсірілуі сапалы болу қажет.
- Бейнероликтердің мазмұны ҚР заңнамасына қайшы келмеуі тиіс. Конкурсқа байқау тақырыбына сәйкес келмейтін, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын, жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.
Бағалау критерийлері:
- бидің орындалу техникасы, ритмді сезіну;
- бидің композициясы мен сахналық көркемділігі;
- би орындау мәдениеті мен эстетикалық көркемділігі;
- орындалу кезіндегі образы: костюмер мен киімдер, шаш үлгілері, актерлық шеберліктері, көрерменмен байланысы;
- музыкалық және мазмұндық сәйкестік;
- бидің техникалық орындалуы, бейнематериалдың сапасы;
- тақырыптың ашылуы мен номинацияға сәйкестігі.
Байқауға бейнероликтің сілтемелері ұсынылады.
Сілтеме арқылы бейнероликті көру мүмкіндігі жарыстың өткізілуі барысында барлық қатысушыларға мүмкін болады.
III. Ақпараттық-аналитикалық блок
- «Шығыс Қазақстанда жақын маңдағы ең жақсы белсенді (спорттық) демалыс орыны» жарнамалық видеороликтер конкурсы - жеке немесе топтық қатысуға болады (бір топтан бір жұмыстан артық қабылданбайды).
Қабылданатын материялға қойылатын талаптар:
- Жұмысты барынша объективті түрде бағалау мақсатында қатысушылардың жұмысын шифрлеу жоспарланған. Сол себепті қатысушылар туралы ақпаратты (қатысушының аты-жөні, мектебінің аты, ауыл, аудан, қала аты) бөлек құжатта көрсетілуі қажет.
- Бейнероликті өңдеу үшін кез-келген ақпараттық бағдарлманы қолдануға рұқсат етілген;
- Бейнероликтің ұзақтығы 4 минуттан артық болмауы қажет;
- Бейнероликте басқа біреуге тиесілі фото және видео материалды қолдануға болмайды. Плагиат рұқсат етілмейді.
- Бейнероликтердің мазмұны ҚР заңнамасына қайшы келмеуі тиіс. Конкурсқа байқау тақырыбына сәйкес келмейтін басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды;
Бағалау критерийлері:
- Жарнамалық бейнероликтің идеясы, шығармашылық ізденіс;
- Креативтік, бейнероликтің түпнұсқалылығы;
- Мазмұнның сапасы;
- Эмоциялылығы және позитивтілігі;
- Көркемдіік орындалуының шеберлігі (композицисы, түсі, стилі);
- Техникалық орындалудың шеберлігі. Бейнероликтің сапасы;
- Тақырыптың ашылуы және номинацияға сәйкестігі.
Жарысқа бейнеролик және бейнероликтерге сілтемелері қоса ұсынылады.
IV. Спорттық блок
-«Кедергі жолағы» спорттық туризм техникасы – бір топтан 6 қатысушы (3 ұл + 3 қыз) болуы қажет.
Өткізілу тәртібі:Қатысушылар «Кедергі жолағын» өздері жасап және де 5 түрлі дистанциядан өту қажет.
Орындау техникасы мен құрал-жабдықтарды қабылдау «Туристік көпсайыс дистанцияларында орындау техникасы (әдістемелік ұсыныстар)» (2005 жылғы
17 желтоқсан)¹, «2021-2024 жылдарға арналған спорттық туризмге разрядтық талаптар» (2021 жылдың 10 ақпанында)² бойынша жүргізілу қажет.
Қатысушылардың өткелден өту кезеңінде өткізу қауіпсіздігі және жарақтарға рұқсат беру, қолданылатын жеке және топтық жарақтардың қауіпсіздігі үшін команда өкілдері немесе қатысушылардың өздері жауапты болады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау команда өкілдеріне жүктеледі.
Қатысушылардың өткелден өту кезеңінде өтетін жерде медицина қызметкерлерінің болуы міндетті.
Бейнероликке қойылатын талаптар:
- Бейнероликте болуы қажет: қажетті құрал-жабдықтардың аты-жөні, сақтандыру жүйелері, өтілетін маршруттың орынын негіздеу, дистанцияны дайындау және жабдықтау, өтетін дистанцияны сипаттау (маршруттың ұзындығы, кезеңдері, тапсырмалары, кедергілер мен олардың пайда болу себептері, техникалық элементтері және т.б.), маршрут парағы, маршрутты өту, маршрутты өткен уақыт.
- Жұмысты барынша объективті түрде бағалау мақсатында қатысушылардың жұмысын шифрлеу жоспарланған. Сол себепті қатысушылар туралы ақпаратты (қатысушының аты-жөні, мектебінің аты, ауыл, аудан, қала аты) бөлек құжатта көрсетілуі қажет.
- Бейнематериалдың ұзақтығы 20 минуттан аспау қажет;
- Бейнематериалдың дыбыс пен бейнесі сапалы түрде түсірілуі қажет;
- Бейнероликтердің мазмұны ҚР заңнамасына қайшы келмеуі тиіс. Конкурсқа байқау тақырыбына сәйкес келмейтін басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын жарнамалық сипаттағы және жарыс тақырыбынан тыс роликтер қабылданбайды;
Бағалау критерийлері:
- Қажетті құрал-жабдықтардың сипаттамасы;
- Қауіпсіздік жүйелері мен оны қамтамасыз ету;
- Түйіндер;
- Таңдалынған және жүріліп өткен маршрутты негіздеу;
- Дайындық жұмыстары;
- Күрделілік категориясы және кедергілердің әртүрлілігі немесе қашықтық факторлары;
- Кедергілердің техникалық және күрделі элементтерін анықтау жиынтығы;
- Техникалық орындау және оны түсіндіру;
- Түсірілген бейнероликті оқу/ақпараттық бейнематериал ретінде практикалық қолдану мүмкіндігі;
- Бейне және дыбыс сапасы;
Конкурсқа бейнероликтер жүктелген сілтемені ұсыну қажет.
Спорттық блоктың бас төрешісі спорттық бағдарлау және радиопеленгация бойынша спорт шебері И. В. Клиновицкая, байланыс телефоны 8 (777) 753-26-13.
V. Практикалық блок
«Спорттық туризм әлемі» спорттық туризмнен жарысты ұйымдастыру және өткізу – жеке немесетоптық қатысу (бір команда бір жұмыстан артық өткізе алмайды).
Өткізілу тәртібі: қатысушылар мектепішілік / сыныпта / отбасында немесе тағы басқа ортада (қатысушының таңдауына қарай) жарысты ұйымдастырып және жүргізу қажет;
Жарыстың өткізілуі барысындағы, құрал жабдықтармен пайдалану кезіндегі қауіпсіздігіне команда өкілдеріне жүктеледі.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау команда өкілдеріне жүктеледі.
Жарысқа қойылатын талаптар:
- Жарыс тақырыбын қатысушылар өздері анықтайды. Тақырып жарыстың жалпы мазмұнына сәйкес болу қажет;
- Қатысушылар өткізетін жарыс спорттық туризм мен туристтік көпсайысты танымал етуге бағытталу керек;
- Жарысты ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерден тұрады:
|
|
Кезең |
Нәтиже |
Есептік құжаттар |
|
1 |
Өткізуге дайындық кезеңі |
- жарыстың басты идеясы; - жарыс тақырыбы; - мақсаты мен міндеті; - іс-шара жоспары; - тапсырмалар; -жарысты өткізу туралы ақпарат және қатысушылар өтінімін жинау; - қазылар алқасының құрамы; - жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің бағдарламасы; -спорттық жабжықтар; - жарыстың өтетін орыны. |
мәтін түріндегі құжаттар, фото және / немесе бейнеесептің сілтемесі |
|
2 |
Жарысты өткізу кезеңі |
- спорт түрлерінен жарыстар мен іс-шаралар |
Фото немесе / және бейнеесептің сілтемесі |
|
3 |
Жеңімпаздарды марапаттау |
- жеңімпаздарды марапаттау рәсімі |
Фото немесе / және бейнеесептің сілтемесі |
|
4 |
Жарысты мектептік немесе өзге БАҚ жариялау |
- БАҚ материалдар ұсыну |
скриншот, фото немесе / және бейнеесептің сілтемесі |
|
5 |
Жарысты саралау |
- қойылған мақсаттарға жету бойынша талдау жасау; - ұйымдастырушы мен орындаушылар туралы ақпарат: аты-жөні, мектебі, сыныбы, ауыл, қала, ауданы; - жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны; - Туындаған мәселелер мен оның шешу жолдары. |
|
Бағалау критерийлері:
- Жарысқа дайындықтың сапасы;
- Идея. Бағдарламаның болуы;
- Жарысты өткізу және жеңімпаздарды марапаттау. Жұмыстың формасы мен өткізуінің әдіс-тәсілдері. Өзара арақатынас, жылдамдық;
- Қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі;
- Мектептің немес сыртқы БАҚ құралдарында жариялануы;
- Өткізілген жарысты өзінше саралау;
- Жұмытсың орындалуының техникалық деңгейі, фото және видео материалдың сапасы;
- Тақырыптың толыққанды ашылуы. Номинация тақырбына сәйкестігі.
Конкурсқа өткізілген жарыстың есептік құжаттары (мәтінмен жазылған файлдық құжаттар, фото және видеоесеп жүктелген сілтеме) жіберілу қажет.
VI. Жарыстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
19. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын жарысты бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
20. Жарыстың қорытындысы бойынша кәсіби қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
21. Жалпы сынақтың жеңімпаз командалары мен жүлдегерлері әр жас тобында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
22. Номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр жас тобында
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жарыстың қалған қатысушылары қатысу туралы электронды сертификаттарға ие болады.
Қатысушылар сертификаттарының электрондық нұсқалары ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының сайтында орналастырылатын болады https://www.shygysdaryn.kz .
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-15-53.
VII. Жарысты қаржыландыру
23. Жарысты қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

