- Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Конкурс).
2.Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО) болып табылады.
3. Конкурстың мақсаты: ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана-сезімнің және әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу; мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді және батыл іс-қимылдарға дайын болу, қазақ халқының әдеби мұрасын танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау.
4. Конкурстың негізгі міндеттері:
- адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- оқушылардың адамгершілік-рухани және зияткерлік-шығармашылық қызметін жандандыру;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;
- оқушыларды сахналық өнерге баулу;
- оқушылардың туған жерге, оның мәдениетіне ұтымды және эмоционалды қатынасын біріктіру;
- шығармашылық дарынды балаларды анықтау және қолдау;
Конкурс өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Конкурсты ұйымдастыру комитеті
5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды,
- Конкурстың қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;
- іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу нысанын айқындайды;
- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;
Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Конкурсқа қатысушылар
6. Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 оқушылары қатысады.
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7. Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, тарих, қазақ әдебиеті бойынша жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
8. Конкурс екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (2021 жылдың қазаны)
Екінші кезең– облыстық (2021 жылдың қараша айының 3-ші онкүндігі)
9. Конкурсқа қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2021 жылғы 16 қарашаға дейін келесі мекен-жайға жіберіледі:Өскемен қ. Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru
Сұранысқа аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын оқушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі қоса тіркеледі:
10. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 11 адам: 10 қатысушы және 1 жетекші.
Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.
11. Қатысушы командалардың командалық костюмдерінің ерекше белгісі (киім түрі, галстуктері, кепкасы, эмблемасы және т.б.) болуы қажет.
12.Конкурсты ұйымдастырушылар аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурстың форматына өзгерістер енгізу құқығын өздеріне қалдырады
5. Конкурсты өткізу шарттары
13. Конкурс екі айналым бойынша өтеді.
1 айналым–Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын білуге арналған зияткерлік конкурс.
2 айналым –Театрландырылған-сахналық қойылым – командалық қатысу. Әр командаға театрландырылған-сахналық қойылым тақырыбы ұсынылады. (№2 қосымша).
Театрландырылған-сахналық бейне қойылымды қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып, елу ұпайлық жүйе бойынша бағалайды:
- Орындаудың уақыт шеңберін сақтау;
- Тақырыпқа сай және мазмұнының терең ашылуы;
- Креативтілігі (сюжеттің түпнұсқалылығы, ойлаудың оралымдылығы);
- Бейнелілігі, әртістілігі. Көрерменге эмоциялық және тәрбиелік әсер ету дәрежесі;
- Тіл сауаттылығы, тілдің нақтылығы және мазмұндау стилі;
- Сахналық костюмдер, деректемелер және декорациялар;
- Орындау ұзақтығы әр команда үшін – 10 минуттан артық емес.
6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
13. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификат беріледі.
14. Конкурс қорытындысы бойынша командалар номинациялар бойынша марапатталады. Екі айналым қосындысы бойынша барынша көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Конкурстың жеңімпаз командалары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашыл ғылыми зиялылар өкілдері кіреді.
7. Қаржыландыру
15. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
№1 Қосымша
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» облыстың қалалары мен аудандары мектеп командаларының аймақтық конкурсынақатысуға
Өтінім
|
№ |
Қатысушының тегі, аты-жөні |
Аудан/қала |
Білім беру ұйымы |
Оқыту тілі |
Сыныбы |
Қатысушының әлеуметтік статусы |
Жетекшінің тегі, аты-жөн Жетекшінің ұялы телефонының нөмірі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№ 2 Қосымша
Театрландырылған-сахналық қойылым тақырыптары
|
№ |
Город/район, специализированные школы |
Сахналық қойылым тақырыптары (қазақ тілінде) |
Темы сценических постановок (на русском языке) |
|
|
Абайский |
Түркістан – екі дүние есігі ғой |
Туркестан – богатое прошлое, перспективное будущее |
|
|
Аягозский |
Абылайхан |
ХанАбылай |
|
|
Бескарагайский |
Бұқар жырау |
Бұқаржырау |
|
|
Бородулихинский |
Төле би |
Төлеби |
|
|
Глубоковский |
Қазақ батырлары |
Батыры |
|
|
Алтай |
Дала данышпандары – әрдайым болашаққа бағыт сілтейтін айнымас темірқазығымыз (Әл-Фараби туралы) |
Аль-Фараби – великий мыслитель Востока, ученый просветитель |
|
|
Жарминский |
Алаш мұраты – Тәуелсіздік (Алаш Ордаға – 100 жыл) |
Алаш Орде – 100 лет |
|
|
Зайсанский |
Алаш арысы – Әлихан Бөкейхановтың тұлғалық келбеті мен өмірі, еңбектері |
155 лет – АлихануБукейханову |
|
|
Катонкарагайский |
Ағарту ісінің білгірі (Ы. Алтынсариннің 180 жылдығы ) |
180 лет – Ы. Алтынсарину, Великому педагогу-просветителю |
|
|
Кокпектинский |
Жыр алыбы – Жамбыл (175 жылдығы) |
Ж. Жабаев – акын-импровизатор (175-летие) |
|
|
г.Курчатов |
Ұлыларымыздың асыл мұрасы (Абай туралы)
|
Абай Кунанбаев – казахский поэт, композитор, просветлитель, основоположник казахской письменности |
|
|
Курчумский |
Күш атасы – Қажымұқан (150 жылдығы) |
150-летие Хаджимукана |
|
|
г. Риддер |
Қазақстан тарихындағы тұлға: Қ. Сәтбаев |
Личность в истории Казахстана: К. Сатпаев |
|
|
г. Семей |
Д. Қонаев – шоқтығы биік ұлы тұлға ғасыр тұлғасы |
Д. Кунаев – «человек века» |
|
|
Тарбагатайский |
1986 жылғы Желтоқсан – тәуелсіздіктің жаршысы |
Декабрь 1986 года – предвестник Независимости |
|
|
Уланский |
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – жаңа дәуірдегі Қазақстанның негізін қалаған ұлы қайраткер |
Н. А. Назарбаев – политик мирового масштаба |
|
|
Урджарский |
Ядролық қарусыз Қазақстан (Семей полигонын жабу туралы)
|
Казахстан – первая страна в мире добровольно отказавшаяся от ядерного оружия (Закрытие Семипалатинского ядерного полигона) |
|
|
г. Усть-Каменогорск |
Аты аңызға айналған күйші – Дина Нұрпейісова |
160 лет со дня рождения Д. Нурпеисовой. «Легендарная кюйши – Дина Нурпеисова» |
|
|
Шемонаихинский |
Қазақ хандығының негізін қалаушылар: Керей мен Жәнібек |
Основатели государства – Керей и Жанибек |
|
|
Областная специализированная IT школа-лицей |
Әміренің Париждегі әні |
Әмре Қашаубаев – голос покоривший Париж |
|
|
Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики, физики, информатики |
Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихы мен бүгіні |
Ассамблея народов Казахстана: история и настоящее |
|
|
Областная специализированная школа-гимназия-интернат имени Жамбыла для одаренных детей |
Қазақтың ойшыл ақыны – Шәкерім Құдайбердіұлы |
Шакарим Кудайбердиев - великий мыслитель степи |
|
|
Областная специализированная школа-лицей-интернат для одаренных детей |
А. Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы |
150 лет – А. Байтурсынову «Ахмет Байтурсынов – гордость нашего народа» |
|
|
Специализированная мужская школа-лицей-интернат «Жас Улан» имени Ш. Уалиханова для одаренных детей |
Ғарышта қазақ қыраны (Тұңғыш қазақтан шыққан ғарышкер Т. Әубәкіров туралы) |
ТохтарАубакиров – первый казах, полетевший в космос (30-летие полета первого казахского космонавта) |
|
|
Восточно-Казахстанский областной специализированный лицей «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» для одаренных детей города Усть-Каменогорска» |
Ш. Уәлиханов – мәңгі өшпес жарық жұлдыз |
Ш. Уалиханов – рожденный для великих свершений |
|
|
Восточно-Казахстанский областной специализированный лицей «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» для одаренных детей города Семей |
Дәуірдің көркем шежіресі – М.О. Әуезов |
М. Ауезов – ум и душа эпохи |
|
|
Специализированная школа-лицей имени Абая |
Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ақын |
90 лет М. Макатаеву. «Вечное наследие – Мукагали Макатаев» |

