+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығысқазақстандық дарынды оқушылар ХХVІІІ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жүлдегерлері
04 Там, 12:18

2021 жылы 24 шілде мен 3 тамыз аралығында Ресейдегі Саха Республикасының астанасы Якутск қаласында онлайн режимде математика, физика, және информатикадан оқушылардың ХХVІІІ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өтті.

«Туймаада» олимпиадасы дәстүрлі және беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Биыл зияткерлік турнирге 7 елден 200-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша информатика пәнінен күміс медальді Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Мұхамедкәрім Қаныш жеңіп алды.

Қола медальді Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Оралханов Дінмұхамет иеленді.

Дарынды оқушылар үшін бұл бірінші жетістіктері емес. Дарынды оқушылар ХVІІ Халықаралық Жәутіков, информатикадан ХІ Еуразиялық олимпиадаларының жүлдегерлері. Сонымен қатар олар республикалық және облыстық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. Облыс әкімінің дарынды оқушыларымен кездесуіне қатысушылар. Қаныш 2020-2021 оқу жылында «Жылдың үздік оқушысы» номинациясының иегері атанды.

 

Жеңімпаздарды және ата-аналары мен тәлімгерлерін абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!