2021 жылғы 20-21 мамыр аралығында қашықтық форматта «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өтті. Мақсаты – балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Жоба «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы аясында жүзеге асырылды.
Слетке облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 6-10 сыныптарының 161 оқушысы – мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Қатысушылар өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша бақтарын сынады:
- «Бард әндері» байқауы - музыкалық байқау. Негізгі музыкалық аспап – гитара;
- «Жас өлкетанушы» - халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, белгілі адамдармен, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы іздеу-зерттеу жобасы таныстырылды;
- «Туған өлке соқпақтары» - өңірде жүргізілген туристік экспедицияның презентациясы;
- «Ең керемет туристік өлке» - туған өлкенің тарихын, географиясын, объектілерін зерттеудің презентациясы;
- «Туған өлкенің тарихы» - 3D элементтерін қолдана отырып, өз өлкесінің виртуалды туристік маршруты презентациясы;
- «Экологиялық соқпақ» - жергілікті жердің өткен маршруты бойынша экологиялық карта жасау;
- «Туризм білімпаздары» - туристік түйіндерді білу және оларды байлап көрсету;
- «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» - жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидаларын білуін көрсететін бейнероликтер конкурсы.
Слет қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом – 10 қатысушы, ІІ дәрежелі – 27 қатысушы, ІІІ дәрежелі – 45 қатысушы иеленді. Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Үздік жобалар 2021 жылдың қыркүйегінде өтетін слеттің республикалық кезеңінде ұсынылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!