+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық «Ясауитану» білім байкауының облыстық кезеңнің қорытындысы
18 Мамыр, 11:42

2021 жылғы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ясауитану» білім байкауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

 Байқаудың мақсаты – түркі халықтарының рухани ұстазы болған қазақ халқының рухани бірлігін біріктірген Қожа Ахмет Ясауи бабаларымыздың даналықтары мен ілімдерін насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлы ата мұрасын терең игеріп, зерттеуге ынталандыру, ұрпақтарының зияткерлік ой-санасын арттыру, ұлы ата-бабасының үлгісінде адамгершілік, мейірімділікке тәрбиелеу, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірімен және қызметімен танысу, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау.

Байқауға аудандық/қалалық іріктеу кезеңінен жүлдегер болған 6-11 сыныптардың 18 оқушысы қатысты.

Қашықтықтан өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлдегер атанды (қосымша).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кезеңнің Бас жүлде және І орын иегері ағымдағы жылғы қазан айында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

 

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!