+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жеңістің жұлдызды марафоны» облыстық қашықтық әскери-патриоттық әндер мен өлеңдер фестивалі
09 Мамыр, 15:01

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2021 жылдың 4-5 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы «Жеңістің жұлдызды марафоны» атты әндер мен өлеңдердің облыстық қашықтық әскери-патриоттық фестивалін өткізді. Фестивальге ШҚО қалалары мен аудандарының жалпы білім беру мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдарының 210 оқушысы қатысты.

Фестивальдің мақсаты-өскелең ұрпақты әскери-патриоттық, рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу, балалар мен жастар арасында Отанға, өз халқының өткеніне және мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасы келесі номинацияларды қамтыды:

- Әскери-патриоттық ән: авторлық ән және орындаушы.

- Әскери-патриоттық өлең: авторлық шығарма және мәнерлеп оқу сайысы.

Балалардың жұмыстары 2 жас ерекшелігі бойынша бағаланды: орта топ - 11-13 жас, үлкен топ - 14-18 жас.

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері 98 оқушы болды. Қазылар алқасы жақсы орындау техникасын, ерекше шығармашылық шешімді, көптеген қатысушылардың дайындық деңгейін атап өтті.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймыз және фестивальдің барлық қатысушыларына жаңа шығармашылық шыңдарға жетуді тілейміз!