2021 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту,тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Жарыстың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің жеңімпаздары қатысты.
Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізілді:
1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері
2. Драгстер схемасы бойынша автотрассалық модельдеу
3. Әуе модельдері
4. Кеме модельдері
5. Зымыран модельдері
Жарыс қорытындысы бойынша Өскемен, Семей қалаларынан, Зайсан, Глубокое, Аягөз аудандарынан 19 оқушы жүлдегер атанды.
Жеңімпаздар жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!



