+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Семей атом полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумының қорытындысы
19 Сәу, 17:02

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынаста тәрбиелеу мақсатында 2021 жылғы 19-21 сәуірде «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зертеушілерінің облыстық форумы өтті.

Форумға «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумының іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Қатысушылар саны – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 - сыныптары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 171 білім алушысы.

Форум номинациялары:

- «Туған өлке тарихы» - 3 D форматындағы виртуалды саяхат;

- «Жасыл экономика» - зерттеу жобаларының байқауы;

- «Денсаулық және қоршаған орта» - жобалар байқауы;

- «Экоболашақ» - атқарылған экологиялық жұмыс туралы бейнероликтің презентациясы;

- «Жасыл оазистер» - экодизайнерлер байқауы;

- «Жеңіс мамыры» - панно немесе коллаж байқауы.

Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс нәтижелері бойынша 78 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломды - 10, ІІ дәрежелі дипломды – 29, ІІІ дәрежелі дипломды – 39 білім алушы жеңіп алды (Қосымша № 1).
Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

Үздік жобалар 2021 жылдың маусым айында өтетін форумның республикалық кезеңінде ұсынылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!