+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы
17 Нау, 12:31

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды.

Фестиваль – байқаудың мақсаты музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

Музыкалық байқауда Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан Жарма, Алтай, Абай, Үржар, Шемонаиха аудандарынан 108 білім алушылар қатысты.

«Ішекті-ысқылы аспаптар», «Үрлемелі және ұрмалы аспаптар» номинациялары бойынша қатысушылардың музыкалық қабілеттерін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің,  М. Төлебаев атындағы музыкалық училищенің, Өскемен қаласы  №1 музыкалық мектебінің жетекші оқытушылары бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша «Ішекті-ысқылы аспаптар», «Үрлемелі және ұрмалы аспаптар» номинациялары бойынша үш жас тобынан 18 оқушы жүлдегер және «Ансамбль» номинациясы бойынша 4 музыкалық ұжым жүлдегер атанды.

Жеңімпаздар фестиваль-байқаудың республикалық кезеңіне облысымыздың атынан қатысатын болады.

https://drive.google.com/drive/folders/1XMc28ofkuv4HtosU3effasVHmEPNumFq?usp=sharing

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Жеңімпаздар республикалық кезеңде облысымыздың атынан жоғары дәрежеде өнер көрсетеді деген сенімдеміз!