Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Форумға 109 аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Форумға қатысушылардың жас мөлшері: 14-17 жас.
Форум 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Осындай мамандық бар» – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы;
2) «Мамандық таңдайтын уақыт келді» - видеовлог байқауы (бейне әңгіме);
3) «Мен мамандықтар әлеміндемін» - әдеби байқау (эссе);
4) «Мамандық кеше, бүгін, ертең» - вайн байқауы. Байқауға белгілі бір мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған ойын-сауық бейне-контенті - вайндар ұсынылды.
Форумның қорытындысы бойынша 52 жеңімпаз анықталды: I орын – 10, II орын – 16, III орын – 26. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!