2021 жылғы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қысқы демалыс кезінде «Қысқы ертегі» облыстық қашықтан қар мүсіндері байқауының қорытындысын шығарды.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркемдік талғамын, шығармашылық қабілеттерін, қиялын қалыптастыру, көркемөнерпаздар шығармашылығын қолдау және дамыту, қысқы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарын кеңейту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқау 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 8 қаңтарға дейінгі аралықта жалпы білім беретін мектептердің 6-10 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жүлдегерлер тізімін www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!