+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсының ҚОРТЫНДЫСЫ
15 Жел, 15:32

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсын өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметке деген ынтасын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау арқылы балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

Байқауға ШҚО жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты. Конкурс екі номинация бойынша 3 жас санатында (6-9 жас, 10-12 жас, 13-16 жас) өткізілді:

- «Сурет» номинациясы: акварель, гуашь, акрил, май.

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы: жұмсақ ойыншық, патч тігісі (жамау), гобелен, батик, витраж .

Конкурстық жұмыстарды құрамына өңірдің жетекші суретшілері, облыстың жетекші жоғары оқу орнын оқытушылары мен қосымша білім беру оқытушылары кірген құзыретті қазылар алқасы бағалайтын болды.

Конкурс қорытындысы бойынша 2020 жылдың 15 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығындаоқушылардың үздік жұмыстарының көрмесін ұйымдастырылды.

Жүлдегерлер тізімін https://shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1649 сайттан көруге болады.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!