- Жалпы ережелер
1. Осы Ереже облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Конкурс).
2.Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО) болып табылады.
3. Конкурстың мақсаты: ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана-сезімнің және әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу; мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді және батыл іс-қимылдарға дайын болу, қазақ халқының әдеби мұрасын танымал ету, Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау, поэзияға және ұлы ақындардың мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.
4. Конкурстың негізгі міндеттері:
- адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- оқушылардың адамгершілік-рухани және зияткерлік-шығармашылық қызметін жандандыру;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;
- оқушыларды сахналық өнерге баулу;
- оқушылардың туған жерге, оның мәдениетіне ұтымды және эмоционалды қатынасын біріктіру;
- шығармашылық дарынды балаларды анықтау және қолдау;
- көркем оқу өнері мен вокалды дамытуға ықпал ету;
- Абай шығармашылығын талдау және насихаттау, ұлы ақын, ойшылдың шығармаларын зерттеу.
Конкурс өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
- Конкурсты ұйымдастыру комитеті
5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды,
- Конкурстың қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;
- іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу нысанын айқындайды;
- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;
Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Конкурсқа қатысушылар
6. Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 оқушылары қатысады.
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7. Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Абайдың 175 жылдығына арналған, тарих, қазақ әдебиеті бойынша жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
8. Конкурс екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (2020 жылдың қазаны)
Екінші кезең– облыстық (2020 жылдың қараша айы)
9. Конкурсқа қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2020 жылғы 16 қарашаға дейін келесі мекен-жайға жіберіледі:Өскемен қ. Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru
Сұранысқа аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын оқушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі қоса тіркеледі:
10. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 11 адам: 10 қатысушы және 1 жетекші.
Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.
11. Қатысушы командалардың командалық костюмдерінің ерекше белгісі (киім түрі, галстуктері, кепкасы, эмблемасы және т.б.) болуы қажет.
5. Конкурсты өткізу шарттары
12. Конкурс үш тур бойынша өтеді.
1 айналым– Қазақ халқының ұлттық дәстүрін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын білуге арналған онлайн-форматтағы зияткерлік конкурс.
2 айналым – онлайн форматтакомандалар капитандарының қатысуымен пікірсайыс.
3 айналым – Абай өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған-сахналық бейне қойылым – командалық қатысу. Әр командаға театрландырылған-сахналық қойылым тақырыбы ұсынылады. (№2 қосымша).
Командалар MPEG4 немесе AVI форматында (hd 720) бейне қойылымын ұсынуы керек.
Театрландырылған-сахналық бейне қойылымды қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып, елу ұпайлық жүйе бойынша бағалайды:
- Орындаудың уақыт шеңберін сақтау;
- Тақырыпқа сай және мазмұнының терең ашылуы;
- Креативтілігі (сюжеттің түпнұсқалылығы, ойлаудың оралымдылығы);
- Бейнелілігі, әртістілігі. Көрерменге эмоциялық және тәрбиелік әсер ету дәрежесі;
- Тіл сауаттылығы, тілдің нақтылығы және мазмұндау стилі;
- Сахналық костюмдер, деректемелер және декорациялар;
- Орындау ұзақтығы әр команда үшін – 10 минуттан артық емес.
6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
13.Конкурстың барлық қатысушыларына сертификат беріледі.
14..Конкурс қорытындысы бойынша командалар номинациялар бойынша марапатталады. Екі айналым қосындысы бойынша барынша көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Конкурстың жеңімпаз командалары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашыл ғылыми зиялылар өкілдері кіреді.
7. Қаржыландыру
15. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.