Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылың 21 ақпанында Өскемен қаласында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңін өткізді.
Байқаудың негізгі міндеттері: өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау, кино және телевидение салаларында шығармашылық дарынды балалар мен жастарды іздеу және қолдау, кино және телевидение салаларында шығармашылық дарынды балалар мен жастарды іздеу және қолдау.
Фестивальдің аймақтық кезеңінде келесі номинациялар бойынша 32 туынды ұсынылды: деректі (ойынды емес) фильмдер, ойынды кино, STOP-MOTION - видео, әлеуметтік жарнама немесе, анимация, видео-арт, киножурнал, музыкалық фильм, ең үздік операторлық жұмыс.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды: I орынмен – 9 оқушы, II орынмен – 7 оқушы, III орынмен – 3 оқушы марапатталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Облыстық кезеңнің ең жақсы 9 конкурстық жұмысы 2020 жылдың 24-25 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» Республикалық кинофестивалінде ұсынылады.
Біздің облысты республикалық кезеңге ұсынатын қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!