2017 жылдың 7қазанында «Руханижанғыру»бағдарламасының «Тәрбиежәнебілім»ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің кіші отаным»облыстық зияткерлік байқауы болып өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты оқушыларды тарих және өлкетанудан біліміне баулу, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін, ұлттық өзіндік менін және өзінің кіші отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Оқушылар олимпиадада өлкетану тарихы, шежірелі оқиғаларды, белгілі тұлғалардың тарихы туралы өз білімдерін көрсетіп, сарапқа салды.
Ғылыми жұмыстар және «Менің кіші отаным» тарихи калейдоскоп жобалар байқауында туған өлкенің тарихы, атақты тұлғалардың биографиясы, топонимика, тарихи туризм, сонымен бірге, археологиялық зерттеулерге арналған жұмыстар ұсынылды.
Жас тарихшылар назарына «Бұрынғы дәуір мұрағаты» деректі фильмі ұсынылды.
Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сый табысталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймыз.
Алда жаңа жеңістер мен сәттіліктер тілейміз!