+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу туралы
28 Там, 05:04

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың республикалық «Зерде» конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізіледі. Жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:

1. қазақ тілі мен әдебиеті;

2. орыс тілі мен әдебиеті;

3. математика, информатика;

4. физика, техника;

5. медицина, психология;

6. тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7. биология, химия;

8. валеология, экология.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық  «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың 28 қыркүйегіне дейінаудандық/қалалық кезеңі өткізілу керек.

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары облыстық мамандандырылған мектеп директорлары конкурстың қорытындысы бойынша есеп құжаттарын өткізу үшін дарынды балалармен жұмыс жүргізетін жауапты қызметкерді немесе үйлестіруші тағайындауы қажет.

2017 жылдың 5 қазанына дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына аудандық/қалалық кезең бойынша есепті, қатысуға сұранысты, конкурсқа қатысушы оқушының жұмысын қосымша берілген кесте бойынша (Ережеге сәйкес қағаз және электронды нұсқасы) өткізу қажет.

Әрбір ауданнан (қаладан) облыстық кезеңге әрбір секция бойынша 2 үздік жұмыс жіберіледі (1-4 сынып арасында 1 жұмыс, 5-7 сынып арасында 1 жұмыс).

Конкурсқа жіберілген жұмыстарға түсіндірме берілмейді және олар қайтарылмайды.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.

Конкурстың ережесін www.shygysdaryn.kz. сайтынан алуға болады.  

Қосымша: __ парақта.