+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Новости
Астана және Алматы қалаларының жетекші жоғарғы оқу орындары ШҚО оқушылары үшін өз есіктерін ашты
Мектеп түлектері қатты алаңдаулы – олардың көпшілігінің алдында тағдырын шешетін шешім қабылдау мәселесі тұр – қайда барып оқу керек. Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің оқушы-түлектеріне күзгі демалыс уақытында Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарымен танысуға ерекше мүмкіндік пайда болды.
Шығыс Қазақстан облысында ауыл балаларының әскери мамандықтың әліппесін игеруіне мүмкіндік туды
Шығыс Қазақстан облысының білім саласы жаңашылдықтың, оң өзгерістердің үнемі көш бастаушысы болып келе жатқаны белгілі. Биылғы оқу жылында да оңды өзгерістердің болатыны жоспарланып отыр. Облыс аудандарының барлығында «Шығыс ұландары» сыныптары ашылады. Осы арқылы жас буынның отансүйгіштік, патриоттық, интеллектуалдық және рухани қуаты арта түспек.
ХV - ші РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» АТА-АНАЛАР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ
2016 жылдың 22-қазанында Семей қазақ-түрік лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ-түрік лицейлері ата-аналары арасында өтетін дәстүрлі ХV-ші республикалық «Достық» спартакиадасының аймақтық кезеңі өтті.
Оқушыларға арналған математика, физика, химия, биологиядан Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін өткізу қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20 қазанында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағыты пәндерінен Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өткізілді.
Достықта шекара жоқ
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі мен Шығыс Қазақстан облысының ынтымақтастықтың Жол картасы шеңберінде ҚХР Алтай аймағы СУА ауданынан 2016 жылдың 13 - 17 қазан аралығында Өскемен қаласына делегация келіп қайтты.
Шығыс Қазақстандық жас зерттеушілері «Зерде» конкурсында
2016 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсынының облыстық кезеңін өткізді.
ШҚО мұғалімдері «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсынан жетістіктермен оралды
Бүгінгі күні білім берудің сапасына, мұғалім еңбегінің тиімділігіне және жағдайының жақсаруына ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда «Дарын» республикалық ғылыми-практкалық орталығы мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында ағымдағы жылдың 12-13 қазаны күндері Алматы қаласында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді.
Астрономиялық турнирдегі ШҚО оқушыларының лайықты орны
2016 жылдың 24 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Обсерваториясында оқушылардың IX Қазақстандық Астрономиялық турнирі өткізілді.
Республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңінің өткізілу қорытындысы
2016 жылдың 30 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
«Оқу-тәрбие үдерісінде «Valeo» интеллектуалдық-дамытушылық жиынтығын енгізу» облыстық семинар-практикумның ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2016 жылдың 27 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында Өскемен, Семей қалаларының, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Үржар аудандарының мектепке дейінгі білім беретін тірек мекемелердің меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған «Оқу-тәрбие үдерісінде «Valeo» интеллектуалдық-дамытушылық жиынтығын енгізу» атты облыстық семинар-практикумы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының Түркістандағы жеңісі
2016 жылы 22-23 қыркүйегінде Түркістан қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен бірлесе отырып «Ясауитану» халықаралық білім байқауын өткізді.
Облыстық жас экологтар мен өлкетанушылардың «Қазақстан – менің елім» форумының қорытындысы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында 2016 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық жас экологтар мен өлкетанушылардың «Қазақстан – менің елім» форумы өткізілді.

бiрiншiсi 1 72 73 74 75 76 118 соңғысы