Новости
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауының қорытындысы
04 Қаз, 10:31
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 02 қазан күні Өскемен қаласында «Оқушылар шығармашылық сарайы» алаңында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауын өткізді.
Республикалық өзін-өзі тану пәні
01 Қаз, 18:51
2019 жылдың 28 қыркүйегінде дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
2019 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Таулы Үлбі кентінде орналасқан «Дарын» орталығының базасында «Қауіпсіздік мектебі – 2019» облыстық жарыстары өткізілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысы
01 Қаз, 16:44
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Қазақстан – жас мемлекет және жастардың мемлекеті! Біздің жастар – үрдістің қозғаушы күші» деген болатын.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық слетінің қорытындысы
20 Қыр, 20:16
2019 жылдың 19-20 қыркүйек аралығында Ақмола облысында орналасқан «Звездный» лагерінде Шығыс Қазақстан облысы командасы «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық слетіне қатысты. Слетқа Республиканың барлық аймақтарынан жиналған 160 оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында Шемонаиха қаласында «Өз жеріңді танып біл» жобасы аясында Дүниежүзілік туризм күніне арналған облыстық туристік слет өткізілді.
ХX республикалық Абай оқуларының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
29 Там, 21:41
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 2019 жылдың 26-29 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XX мерейтойлық республикалық Абай оқулары өтті.
Жастар жылына арналған Қазақстан және ТМД туристері достығының «Ертіс меридианы-2019» атты XXXI Республикалық слетінің қорытындысы
2019 жылдың 8 -16 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Қазақстан велосипед федерациясымен» бірлесіп «Қазақстан оқушысы - 2019» 50-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысын Шығыс Қазақстан облысының жолдарында өткізді.
Информатикадан 31-Халықаралық олимпиада 2019 жылдың 5-11 тамызы аралығында Баку қаласында (Әзірбайжан) өтті. Жарыста әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысты.
2019 жылғы 21-30 шілде аралығында Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Білім – Инновация» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан 51-ші Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысты.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің қорытындысы
29 Шіл, 16:17
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 25-28 маусымы аралығында Риддер қаласының «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ базасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.











