Новости
ШҚО ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
29 Қаң, 14:54
2021 жылдың 26-28 қаңтары аралығында бір мезгілде республиканың барлық өңірлерінде онлайн режимде 1-7 сынып оқушыларына арналған XVI Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді.
9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық III «Абайтану» олимпиадасының қорытындысы
25 Қаң, 17:03
2021 жылдың 23 - 24 қаңтар күндері 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық III «Абайтану» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада екі айналымнан тұрды:
1-айналым - Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу.
2-айналым - М. Әуезовтің «Абай жолы» романының мазмұны бойынша.
2021 жылғы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қысқы демалыс кезінде «Қысқы ертегі» облыстық қашықтан қар мүсіндері байқауының қорытындысын шығарды.
Ғылыми кеңес беру қорытындысы
20 Қаң, 15:57
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығында 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар республикалық конкурсына қатысушыларына Ғылыми кеңес беру ұйымдастырылды (бұдан әрі - Конкурс).
17-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы
15 Қаң, 19:50
2021 жылдың 7-12 қаңтары аралығында республиканың барлық аймақтарында қашықтық форматында математика, физика және информатика бойынша 17-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Олимпиада резервінің облыстық «Зияткер» сырттай мектебінің (шағын олимпиада) қорытындысы
31 Жел, 11:33
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 23-24 желтоқсанында Олимпиада резервінің облыстық «Зияткер» сырттай мектебінің шағын олимпиадасын өткізді.
2020 жылдың 20 қарашасында республиканың барлық аймақтарында онлайн режимінде лингвистикадан олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне 3 оқушы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 22 желтоқсан күні экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.
Мақсаты - оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи процестер туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортаның, жануарлар дүниесінің, денсаулық жағдайын жақсарту туралы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
2020 жылдың 23 желтоқсанында онлайн режимде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсын өткізілді.
2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ел Үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумы өткізілді.
Жаратылыстану- математикалық циклы пәндері бойынша XІІІ Президенттік олимпиада қорытындысы
15 Жел, 15:03
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 3-4 желтоқсан аралығында жаратылыстану – математикалық циклы пәндері бойынша XІІІ Президенттік олимпиада өткізілді. Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерін қамтыды.











