+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыстан облыстық турнир қорытындысы
01 Сәу, 15:26

2021 жылғы 29-31 наурызда Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери – қолданбалы көпсайыстан облыстық турнир онлайн форматта өтті.

Облыстық турнирдің мақсаты - студенттер мен жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделін арттыру және жас буын арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау,  әскери іс негіздері бойынша білім мен дағдыларды бекіту.

Жарысқа 16 команда  команда қатысты, облыстық жалпы білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары, 1-2 курс студенттері қатысты, барлығы 80 адам қамтылды.

Командалық сынаққа жарыстардың келесі түрлері кірді:

- белтемірге тартылу;

- толық емес бөлшектегеннен кейін АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру;

- газтұтқыш кию бойынша нормативті орындау;

- әскери қорғаныс жинағын кию бойынша нормативті орындау;

- берпи.

Облыстық турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

- 1 орын – Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты;

- 2 орын – Семей электротехникалық колледжі;

- 3 орын – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT – колледжі.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификат алады.

https://drive.google.com/drive/folders/1z8ShYFSelTMA57E7LbEte_mMprWP_C0Y?usp=sharing

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!