+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Ұлы ұстаз рухына
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы бірлесіп 2015 жылдың 21-24 сәуірі аралығында Өскемен қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінде Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасын өткізді.
 Қашықтықтан оқыту технологиясы – дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге көмек
Білім беру сапасын көтеру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2015 жылдың 25-31 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Қазақстан тарихы пәнінен түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізді.
 «InfoMatrix Asia & Pacific» атты Халықаралық компьютерлік жобалар байқауынан – жүлдемен!
2015 жылдың 4-13 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар командасы «InfoMatrix Asia & Pacific» атты Халықаралық компьютерлік жобалар байқауына қатысып қайтты.
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 11 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласында "Нұрорда" халықаралық мектебінде бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.
Облыстың жас зерттеушілері Байқоңырды бағындырды
2015 жылы 1.-.5 сәуір аралығында облыс оқушыларының командасы Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" ХI Халықаралық ғылыми жарысына қатысты.
«Жарқын болашақ» жүлдегерлері – грант иегерлері
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау мақсатында 2015 жылдың 2-5 сәуірі аралығында Астана қаласында ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе қазақ тілі мен әдебиетінен VІІ республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.
Ешкім де, ешқашанда ұмтылмайды!
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылғы ақпан айынан наурыз айына дейін мектеп оқушылары арасында ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесіне арналған эссе жазудан республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.
Ұлы Ұстаз естелігіне арналған олимпиада
2015 жылдың 2 сәуірдің Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қ.О. Бітібаева атындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Республикалық экономикалық турнирде екінші орын
2015 жылы 24-29 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының командасы экономика бойынша республикалық турнирге қатысты.
Бірінші республикалық фестивалдің іріктеу кезеңі Шығыста
2015 жылдың 26 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, өңірлік-ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірлесе Шығыс Қазақстан халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінде «Балалар әлем ырғағында» атты шығармашыл жастардың бірінші республикалық фестивалінің өңірлік іріктеу кезеңін өткізді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндерден республикалық олимпиадада І командалық орын
2015 жылы 21-31 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Атырау қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Республикалық «Ақберен» байқауынан алтын медальмен оралды
2015 жылдың 19-21 наурызы аралығында Түркістан қаласындағы Н. Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында ІІ республикалық «Ақберен» байқауы өтті.

бiрiншiсi 1 91 92 93 94 95 126 соңғысы