+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Новости
Оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша Олимпиадалық лагерьдің  қорытындысы
Дарынды балалардың қабілеттерін қолдау және дамыту мақсатында 2021 жылдың 7-15 қарашасы аралығында «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» орталығының базасында олимпиадалық резер мүшелеріне жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Олимпиадалық лагерь өткізілді.
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
5-7 сынып оқушыларына арналған  «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 08 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2020-2025 оқу жылдарға арналған Оқу сауаттылығын дамытудың кешенді жоспары негізінде 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 4-5 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өткізілді.
«Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы
2021 жылдың 3-5 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсына қатысты.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың  республикалық байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2021 жылдың 27-29 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық қашықтық инновациялық идеялардың конкурсына қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.
Шығыс Қазақстан облысы оқушылар командасының   «Ақберен» VIII республикалық   өнер байқауына қатысуы бойынша қорытындысы
Жас ұрпақтың бойынша отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгіру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында 2021 жылғы 29-31 қазан аралығында Ақтобе қаласында Шығыс қазақстан облысы оқушыларының командасы «Ақберен» VIII республикалық өнер байқауының қорытынды кезеңіне қатысты.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 22 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтті.
«Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылдың 20 қазанында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық қашықтық байқауын өткізді.
«Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты вебинардың қорытындысы
2021 жылдың 13-14 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік онлайн семинар-тренингке қатысты. Семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 11 қазанында 9-10 сынып оқушылары үшін белгілі ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
VII Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі
6 қазанда VII Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған облыс әкімінің орынбасары А. Мұхаметчинов, білім басқармасының басшысы С. Жұмаділова, ШҚО қорғаныс департаментінің бастығы Қ. Қайырқанов, ШҚО ішкі саясат басқармасының өкілдері және Семей қаласының «Жас Қыран», Алтай қаласының «Сұңқар», Өскемен қаласының «Сұңқар» командалары қатысты.

бiрiншiсi 1 35 36 37 38 39 122 соңғысы