Алматы облысы білім басқармасының «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 15 сәуірі күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларын өткізді.
Байқаудың өткізілу мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.
Шығыс Қазақстан облысынан байқауға 3 оқушы қатысты.
Нәтижесінде Тарбағатай ауданы М. Әуезов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Оразанбаев Еркебұлан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.