Новости
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің қорытындысы
06 Мамыр, 21:29
2022 жылы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында 2022 жылғы 4-6 мамыр аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында үстел теннисінен Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
06 Мамыр, 21:07
Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 4-6мамыр аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы өтті.
«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының финалдық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысу қорытындысы
06 Мамыр, 20:55
2022 жылғы 3-6 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары AMANAT жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының финалдық кезеңіне қатысты.
Оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды оқушылар мен студенттерді құрметтеу мақсатында 2022 жылғы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовпен дарынды оқушылардың кездесуі өтті.
«Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан облыстық турнирдің қорытындысы
03 Мамыр, 21:03
2022 жылдың 27-29 сәуірінде Өскемен қ. Бұқаралық спортты дамыту орталығының базасында «Еуропалық футбол апталығы» аясында «Special Olympics» қозғалысының юнифайт мини-футболдан облыстық турнир өтті.
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
03 Мамыр, 20:36
2022 жылдың 20-22 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық қашықтық фестиваліне қатысты.
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумының қорытындысы
29 Сәу, 19:31
2022 жылдың 20-21 сәуірінде «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы қашықтық форматта өтті.
Шығыс Қазақстандық оқушылардың ІХ аймақтық жас математиктер турниріне қатысу қорытындысы
29 Сәу, 19:12
2022 жылдың 25-28 сәуірі аралығында Павлодар қаласында өткен жас математиктердің IX аймақтық турниріне Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары командасы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің «Интеграл» командасы келесі құрамда қорғады:
Жазғы Президенттік көпсайыстан Қазақстан оқушыларының XI жазғы Гимназиадасынының қорытындысы
29 Сәу, 16:30
2022 жылғы 25-29 сәуір аралығында дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Өскемен қаласында жазғы Президенттік көпсайыстан Қазақстан оқушыларының XI жазғы Гимназиадасы өтті.
«Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының жеңіл атлетикалық кросс жарысының қорытындысы
28 Сәу, 12:42
2022 жылғы 25-26 сәуір аралығында оқушыларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында Өскемен қ. "Восток" стадионында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының жеңіл атлетикалық кросс бойынша жарыс өтті.











