+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
ХХIII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы
23 Мая, 12:06

Балалар жылын мерекелеу аясында 2022 жылғы 19-20 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» орталығы Ұлы Абайдың туған жері Абай ауданының Қарауыл ауылында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін өткізді.

Облыстық кезеңге аудандық (қалалық) кезеңнің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар алты номинация бойынша сайысқа түсті:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы - Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.

- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы - оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі.

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) оқуы.

- «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Облыстық байқаудың қазылар алқасының мүшелерінің құрамында белгілі журналистер, көрнекті өнер қайраткерлері, ақындар болды.

Абай оқуларын өткізу аясында қатысушылар үшін Абай үй мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Жидебайда Абай-Шәкәрім мемориалында салтанатты жабылу және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға барлығы 70 оқушы қатысып, оның 39-ы жүлдегер атанды: І орынмен – 6 оқушы, ІІ орынмен – 12 оқушы, ІІІ орынмен – 21 оқушы. Бір қатысушы Абай ауданы әкімінен алғыс хат алды.

Жүлдегерлерге сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!