+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Қысқы Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысы  мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы Гимназиадасының қорытындысы
Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 21-23 қаңтары аралығында Өскемен қаласында қысқы Президенттік көпсайыстан ШҚО мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы гимназиадасы өтті.
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Бүгінгі зерттеу, ертеңгі күні ғылымға жасалған қадам» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференциясыңдағы  ШҚО оқушысының жеңісі
2023 жылдың 16-19 қаңтары аралығында Өскемен қаласының «Жас техниктер станциясы» КМҚК «STEAM-зертхана» үйірмесінің оқушысы Ушивец Артем «Бүгінгі зерттеу, ертеңгі күні ғылымға жасалған қадам» атты Халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференцияға қатысты.
Жас ғалым» ғылыми мектебінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы республикалық зерттеу жобаларына қатысушыларға кеңес беретін «Жас ғалым» ғылыми мектебін ұйымдастырды.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы
А.ж. 12-13 қаңтар аралығында тәрбие жүйесінің негіздерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және тарату мақсатында Алматы облысы білім басқармасының мамандандырылған ұйымдарының базасында «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбында кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтуде.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында Роботтар Фестивалі өтуде
2023 жылдың 10-12 қаңтары аралығында Қазақстанда алғаш рет дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында Роботтар Фестивалі өтуде.
«Welcome to the snowland» атты қысқы демалысы
3 қаңтардан бастап облыс оқушылары Таулы Үлбідегі «Дарын» базасы лагерінде «Welcome to the snowland» атты қызықты қысқы демалысын бастады. Лагерьге балалар Жаңа 2023 жылды сиқыр мен шытырман оқиғамен бастау үшін жиналды.
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенті және облыс әкімі атынан балалардың жаңа жылдық шыршасын өткізу және ұйымдастыру туралы қорытынды ақпарат
Жаңа жыл – барлық балалар ерекше қуанышпен күтетін мереке. Жаңа жыл қарсаңында балалар үшін мереке ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан сыйлықтар тарту ету дәстүрге айналды. 2022 жылғы 25 желтоқсанда «Ертіс концерт» залында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан, сондай – ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» Жаңа жылдық шыршасы өтті.
Республикалық жас патриоттарды салтанатты марапаттау рәсімі
2022 жылдың 21 желтоқсаны күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына және Балалар жылына орай республикалық жас патриоттарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Халықаралық MBIO олимпиадасының қорытындысы
2022 жылдың 17 желтоқсаны күні 8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан биология пәнінен (Mendels Biology Internаtional Olympiad 2022) халықаралық Мендель олимпиадасы өтті.
Өскемен қаласы мектептерінің психологтарына арналған «Qabilet» қызметінің балаларды диагностикалау және қабілеттерін дамыту бойынша семинарының қорытындысы
2022 жылғы 20 желтоқсанда «Ел Үміті» бастамасы аясында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс-Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Qabilet» қызметі базасында Өскемен қаласы жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтарына арналған облыстық семинар өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының оқушысы «WISPO-2022» инновациялық ғылыми жобалардың Дүниежүзілік Олимпиадасында жеңімпаз атанды
2022 жылдың 15-18 желтоқсаны аралығында Риддер қаласының № 1 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Иван Грибенщиков Индонезияның Бандунг қаласында ( Индонезия) өткен «WISPO-2022» инновациялық ғылыми жобалардың Дүниежүзілік Олимпиадасына қатысты. Жоба жетекшісі № 1 мектеп-лицейінің мұғалімі Котвицкий Юрий Брониславович.
Халықаралық математика олимпиадасына қатысу қорытындысы (ІJMO)
Сингапур қаласында математикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Бұл жыл сайын Азияның әртүрлі елдерінде өтетін халықаралық жарыс. IJMO-ны SIMCC Азия елдеріндегі ұлттық математикалық қоғамдармен бірлесе отырып, әрбір SIMCC қатысушы елдегі әлеуетті жас математикалық таланттарды анықтау және ынталандыру үшін ұйымдастырады.

бiрiншiсi 1 23 24 25 26 27 126 соңғысы