2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында Өскемен қаласында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында шағын футболдан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Негізгі мақсат - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау.
Жарысқа 19 колледж командасы қатысты.
Іс-шара FIFA шағын футболының ресми ережелерінің регламентіне және Федерация бекіткен шағын футбол ережесіне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Қыздар арасында:
1 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
2 орын – Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі;
3 орын – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі.
Ұлдар арасында:
1 орын – Глубокое аграрлық колледжі;
2 орын – Шығыс гуманитарлық-техникалық колледжі;
3 орын –Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғары IT колледжі.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!


