+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
2011 жылдың 27 сәуірінен 02 мамыр аралығында «Назарбаев зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Астана қаласына құрамында 6 адамнан тұратын Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының командасы жаратылыстану ғылымдары бойынша III ашық юниорлық олимпиадасына қатысып қайтты.
Көкшетау қаласында өткен шығармашылық байқауға Қазақстанның әр түкпірінен 164 үміткер қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан 55 мектеп оқушыларының жұмысы жіберілген.
2010 жылдың 23-24 сәуірінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтында экологиядан жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-гимназияларының, лицейлердің 9,10,11 сынып оқушыларына арналған V мерейтойлық Республикалық олимпиадасы өткізілді.
2011 жылдың 15 сәуірінде ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірлесе «Дарын» Виртуалды Академиясының аясында «Лидер «Жас Талап - КZ» конкурсының іштей турын өткізді.
2011 жылдың 13 сәуірінде ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп алғашқы рет ауыл мектебін бітірушілер арасында математик, қазақ тілінде оқыту факультетінің тұңғыш деканы Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған облыстық «Жас математик» атты олимпиадасын өткізді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жыл толуына орай негізгі ғылымдар саласында оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсатында 2011 жылдың 11-12 мамыр күндері аймақтық ғылыми-тәжірибелік «Ертіс дарыны» орталығы Қ.И.Сәтпаев атындағы аймақтық олимпиада өткізеді.
Өскемен қаласында, 08-09 сәуір айында Шығыс Қазақстан Облысының өнер мектептері және балалар музыка мектептерінің музыка теорисы пәндері кезеңінің 1-ші облыстық «Субдоминанта» байқауы өтті Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы осы байқаудың ұйымдастырушысы болды.
Математика және физика саласы бойынша дарынды балаларды айқындау мақсатымен дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп интернаты мен ұлттық тестілеу орталығы жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында 2011 жылы 24 сәуірде V республикалық «ФизМат» конкурсын өткізеді.
2011 жылдың 5-6 мамырында республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Алматы қаласында «Алатау» санаториінде «Талантты мұғалім-дарынды оқушыларға» атты республикалық педагогикалық олимпиада өткізетінін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. 
2011 жылдың 7-8 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Ғылым әлемін ашамыз» атты VII ғылыми оқушылар конференциясына қатысты.
2011 жылдың 23-наурызынан 29-наурызына дейінгі аралықта Алматы қ. балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптарының, ансамбль және оркестр ұйымының оқушылары арасында 45-ші республикалық жас музыканттардың білім беру фестиваль-байқауы өтті.

бiрiншiсi 1 118 119 120 121 122 126 соңғысы