+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
2011 жылдың 29 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республикалық ғылыми-зертхананың жетекшісі, құрметті академик Қанипа Бітібаеваның атына қазақ және орыс тілінде білім алатын оқушылардың арасында қазақ тілі мен әдебиетінен аймақтық олимпиада өткізді.
2011 жылдың 14-15 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеп, қорытып, тарату мақсатымен Күршім ауданында «Аудандық білім мекемелері жағдайында оқушылардың дарындылығын айқындап, дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
2011 жылдың 18 мамыр күні Семей қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы және Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен бірлесе оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, олардың шығармашылығын дамытып, поэзияға деген құштарлығын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау, Отан сүйгіштікке мақсатында Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған «Шығ
2011 жылы 17-18 мамыр күндері Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен облыстан Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 10-сынып оқушысы Есімханова Айым Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде өткен республикалық І.Жансүгіров оқуларына қатысып келді.
2011 жылы 11 - 16 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының 8 оқушысы Павлодар облысының Баянаул ауылында өткен жаратылыстану ғылымдары бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадаға қатысып қайтты.
2011 жылдың 5-6 мамырында Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін 17 мұғалімі Алматы қаласында республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығымен өткізілген «Талантты мұғалім - дарынды оқушыларға» атты республикалық олимпиадасына қатысты.
Ақпарат туралы 17 Мамыр, 07:06
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының сұрауына байланысты 2011 жылдың 18 мамырына дейін:
2011 жылдың 05 - 15 мамыры аралығында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, облыс оқушылары Салоники қаласындағы (Греция) халықаралық ғылыми олимпиадаға қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2011 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, 2011 жылдың 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы алғаш рет жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық шағын олимпиадасын өткізді.
2011 жылғы 30 сәуір мен 06 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.
Сіздерге, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті 4-ші Республикалық VCT жобалар конкурсын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.

бiрiншiсi 1 117 118 119 120 121 126 соңғысы