2011 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеп, қорытып, тарату мақсатымен Өскемен қаласындағы «Алтай» ғылыми - технологиялық паркінің базасында «Оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындаудың сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинарға облыстың барлық аудандарынан, қалаларынан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемелерінің мектеп директорларының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасарлары, шығармашыл ұстаздар, барлығы 80 білім қызметкерлері қатысты. Семинар қазақ және орыс тілдерінде (2 топта) өтті.
Семинарға – Риддер қаласынан, Бесқарағай, Жарма аудандарынан қатыспады.
Семинардың жұмысына Шығыс Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарының ғалымдары: ПБ МҒА академигі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, п.ғ.д., - Н.А. Завалко; ф.м.ғ.к, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры - А.М. Павлов; б.ғ.к., Аманжолов атындағы ШҚМУ экология мен жаратылыстану ғылымдарының деканы - А.Б.Мырзағалиева; Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстан тарихы мен құқық кафедрасының аға оқытушысы - А.Ф.Жақсылықов; С.Аманжолов атындағы ШҚМУ химия кафедрасының доценті, п.ғ.к., - Д.А.Нұрғалиева; С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к., – Б.Н.Бияров және оқушылары бірнеше жыл қатарынан халықаралық және республикалық ғылыми жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүрген мектептердің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері: Т.Г. Холявина – №34 ДБА ММЛ (орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі), Г.О.Байрова – №3 МГ (информатика мұғалімі) қатысты.
Семинардың қорытындысын талқылау кезінде қатысушылар шараның өзектілігін, мазмұндылығын, жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Осы бағыттағы семинарлар болашақта да жүйелі түрде өткізіліп тұрсын деген тілектерін ұйымдастырушыларға жеткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.