Іс-шаралар хабарламасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу ережесі
28 Там, 16:12
І. Жалпы ережелер
1.Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – білім басқармасы) «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) өткізеді.
2-7-сынып оқушыларының облыстық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының Ережесі
28 Там, 12:32
І. Жалпы ережелері
1..Осы Ереже оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары облыстық «Зерде» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
XXI Республикалық Абай оқуларының қорытындысы
27 Там, 16:56
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 23-25 тамызында Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXI Республикалық Абай оқуларының республикалық кезеңі өтті.
Ауыл мектептерінен шыққан 1000 оқушы еліміздің үздік мектептерінде білім алуға мүмкіндік алады
24 Там, 15:39
21 тамызда ауыл мектептеріне арналған бірінші ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Жарыс барысында олимпиаданың 5 мың қатысушысы-Қазақстанның түрлі ауылдарының оқушылары функционалды қсауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдыларын сынай алды.
Облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының өткізу туралы
18 Там, 16:18
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» бастамасының аясында 2020 жылдың 21 тамызында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) ІІ кезеңі (іштей) өтетіні туралы хабарлайды.
Олимпиада өту орындары:
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 10 тамызында «Абай әлемі» облыстық қашықтық сурет байқауын өткізді.
В рамках празднования 175-летия со дня рождения великого Абая 10 августа 2020 года в Восточно-Казахстанской области состоялся областной этап XXI Республиканских Абайских чтений среди учащихся общеобразовательных учебных заведений Восточно-Казахстанской области.
Еуропалық Физика олимпиадасындағы лайықты жеңіс
27 Шіл, 22:17
2017 жылдан бастап жыл сайын өтетін зияткерлік жарыс Азия және
Иберо-Американ физикалық олимпиадалары үлгісі бойынша өткізіледі.
Еуропалық физика олимпиадасына әлемнің барлық мемлекеттерінен
20 жасқа дейінгі дарынды балалар қатысады.
Осы жылы олимпиада 20-26 шілде аралығында онлайн режімінде өткізілді. Олимпиадаға 57 мемлекеттен 250 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы Европалық олимпиадаға алғаш рет қатысты.
ТӨКЕН ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ ФИЗИКА МЕН АСТРОНОМИЯДАН ҒЫЛЫМИ ЖАРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
29 Мау, 14:29
2020 жылдың 22-28 маусымы аралығында қашықтықтан Төкен Омаров атындағы ғарыштың астрономиясы мен физикасы бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысы өткізілді.
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен 2020 жылдың 16-20 маусымы аралығында онлайн режимде ХІІІ республикалық «Бастау» математикалық турнирі өткізілді.
«Елбасы медалі» жастар жобасы
17 Мау, 17:51
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың маусымынан бастап
«Елбасы медалі» жобасы өз бастауын алды.
2020 жылдың 17 маусымында ШҚО білім басқармасымен жобаға арналған аймақтық баспасөз-конференциясы өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарлы көзқарасты қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 4-5 маусымында жас өлкетанушылардың, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің «Табиғатты аяла» облыстық қашықтық форумы өтті.








