Іс-шаралар хабарламасы
2020 жылдың 28 қыркүйегінде балалар мен жастардың азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық қашықтық (номинациялар онлайн-платформада) слеті өткізілді.
2020 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру шеңберінде қашықтық форматында «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалы өткізілді.
2020 жылдың 10 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы командасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар кино шығармашылығының республикалық фестиваліне қатысты.
2020 жылдың 30 қыркүйегінде онлайн режимінде облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсы өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.
2020 жылғы 28-30 қараша аралығында Республикалық қағидаларына сәйкес әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстардың 2020 жылға арналған «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн-форматта өткізіледі. Әскери-патриоттық спорт клубтарының 14-18 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысады.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Конкурс).
Өз өнерімен байқаудың қазылар алқасының көңілінен шыққан жас дарынды оқушының алғашқы өнерге деген қадамы Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер мектебінің вокалдық сыныбынан басталды.
«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтық көрме-байқауын өткізеді.
2020 жылдың 24 қыркүйегінде онлайн режимінде бір мезетте жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің іріктеу туры өткізіледі. Онлайн тестілеу www.shygysdaryn.kz сайтында өтеді.
«Елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру туралы
23 Қыр, 14:25
2020 жылдың маусым айынан бастап жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде іске асырылатын «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды.
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының қорытындысы
23 Қыр, 14:21
2020 жылғы 14-16 қыркүйекте Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын, шығармашылық құзыреттілігін, қашықтықтан форматта білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында техникалық шығармашылық пен өнертабыстың (авиа, ракета, авто және кеме модельдеу) республикалық жарыстары өтті .








